«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.
АСФЕНДИЯРОВА»
Анатомия кафедрасы
Силлабус
Редакция: 1
80 беттің 74-ші беті
8. Ӛңештің (бӛлімдері, бойлық қатпарлары), жүректің: сыртқы құрылысы (жүрекшелері мен
қарыншалары; беттері, жүлгелері мен құлақшалары), ішкі құрылысы (қалқалары,
қақпақшалары, етті шарбақшалары, сопақ шұңқыр) анатомиялық құрылымдарын анықтап,
кӛрсетіп, атау; жүректің шекараларының кеуденің алдыңғы қабырғасына проекциясын
кӛрсету.
9. Қолқа доғасының, қолқаның кеуделік бӛлімінің париеталды және висцералды
тармақтарының; жоғарғы қуыс венаның анатомиялық құрылымдарын анықтап, кӛрсетіп,
атау.
10. Асқазанның (қабырғалары, үлкен және кіші иіні, кардиалық және қақпалық бӛлімдері,
бойлық қатпарлары және асқазандық аймақтары), аш ішектің (12 елі ішек, ащы және мықын
ішектер), тоқ ішектің (соқыр ішек, жоғарылаған, тӛмендеген, кӛлденең, сигматәрізді жиек
ішектер және тік ішек), ұйқы безі (басы, денесі, құйрығы) анатомиялық құрылымдарын
анықтап, кӛрсетіп, атау.
11. Бауырдың (жиектері, беттері, үлестері, жүлгелері, қақпасы), ӛтқаптың (түбі, мойны,
денесі); кӛкбауырдың (беттері, шеттері және жиектері), ішастардың (қабаттары, қойнаулары,
қаптары және қалталары) анатомиялық құрылымдарын анықтап, кӛрсетіп, атау.
12. Іш қуысындағы (іштік қолқа) ірі тамырлардың анатомиялық құрылымдарын анықтап,
кӛрсетіп, атау.
13. Іш қуысындағы (іштік қолқа, тӛменгі қуыс және қақпа веналары) және жамбас
қуысындағы (жалпы, сыртқы және ішкі мықын артериялары) ірі тамырлардың анатомиялық
құрылымдарын анықтап, кӛрсетіп, атау.
14. Бүйректің (жиектері, беттері, шеттері, қыртыстық және милық заты, тостағаншалары
және түбегі), несепағардың, несепқуықтың (түбі, денесі, мойны, үшбұрышы), еркек жыныс
ағзаларының (атабез, шәует шылбыры, шәует қуықшалары, шәует шығаратын түтік, жыныс
мүшесі, қуықасты безі, еркек несеп шығаратын ӛзегі) анатомиялық құрылымдарын анықтап,
кӛрсетіп, атау.
15. Әйел жыныс ағзаларының (анабез, жатыр түтігі, жатыр, қынап, әйел жыныс аймағы) және
шаттың анатомиялық құрылымдарын анықтап, кӛрсетіп, атау.
16. Жамбас қуысындағы ірі тамырлардың (жалпы, сыртқы және ішкі мықын артериялары),
жамбас веналарының және лимфа тамырлары мен түйіндерінің анатомиялық құрылымдарын
анықтап, кӛрсетіп, атау.
17. Иық ӛрімінің ірі нервтері (қолтық, бұлшықет-терілік, ортаңғы, шынтақ және кәрі жілік
нервтері); бел ӛрімінің нервтері (сан нерві); қол-аяқтың ірі тамырлары: қол артериялары
(қолтық, иық, кәрі жілік және шынтақ жілік артериялары); анатомиялық құрылымдарын
анықтап, кӛрсетіп, атау.
18. Бел ӛрімінің ірі нервтері (сан нерві); сегізкӛз ӛрімінің нервтері (шонданай, асықты жілік,
жалпы кіші жіліншік нервтері, кіші жіліншік нервінің беткей және терең тармақтары);
аяқтың артериялары (сан, тақым, асықты жіліктік алдыңғы және артқы артериялар); қол мен
аяқтың беткей веналарының анатомиялық құрылымдарын анықтап, кӛрсетіп, атау.
Достарыңызбен бөлісу: |