Байланысты: 1951 жылы туған. Жақсылық Үшкемпіров - еркін күрестен Қазақстан чемпионы, грек – рим күресінен КСРО – ның екі дүркін чемпионы , әлем чемпионаты мен кубогыныңжеңімпазы, КСРО – ның еңбек сіңіргенспо
Ермахан Сағиұлы Ибраимов 1972 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысында туып өскен. Ермахан Ибраимов 1996, 2000 жылдары Қазақстан Олимпиада алауын алып жүрді. Оның орташа салмағы 71кг.1996 жылы Атлантадан қола медальмен, 1997жылы Будапешттен күміс медальмен, 1999 жылы Хьюстоннан қола медальмен, 2000жылы Сиднейден алтын медальмен оралды.2000 жылы «Барыс» орденімен және «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығымен марапатталды . 2002 – 2004 жылдар аралығында ұлттық құрама командасының бокс спорты бойынша бас бапкері болып жұмыс істейді Ермахан Ибраимов
Бекзат Сейілханұлы Саттарханов (4 сәуір, 1980 жыл, Түркістан, Қазақстан - 31 желтоқсан, 2000 жыл, Шымкент, Қазақстан) – қазақстандық боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері. 2000 жылы өткен Сидней Олимпиадасының жартылай жеңіл салмақ бойынша чемпионы (57 кг дейін). І дәрежелі «Барыс» орденінің бірінші иегері.[ Бекзат Саттарханов
Серік Жұманғалиұлы Сәпиев (16 қараша, 1983 жыл, Абай қаласы, Қарағанды облысы) - боксшы, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері, Парасат орденінің кавалері (2008 жыл), Отан орденінің иегері (2012)[1], спорт бойынша ЮНЕСКО чемпионы атанған әлемдегі 13-ші спортшы[2], қазақстандық ең танымал боксшылардың бірі, 2014 жылдың қарашасынан бастап Astana Arlans командасының бас директоры.[3]