50
Қазақстанның географиялық зерттеулері. Мәтін: XVI ғасырдан бастап Қазақстан туралы географиялық
мәліметтер Ресей мемлекетінің ресми мекемелерінде қорытыла
бастады. Қазақ-орыс елшілік байланыстарының орнауына
байланысты патша өкіметі қазақ жері туралы мәліметтерді
елшілер, көпестер және жолбасшылар арқылы жинай бастады.
Нәтижесінде Қазақстанның табиғаты, халқы мен шекарасы
туралы жаңа деректер пайда бола бастады. Осы мәліметтерді
пайдалана отырып, қазақ Қадырғали Жалаири (XVI ғасырдың
аяғы - XVII ғасырдың басы) патша Борис Годуновтың өтініші
бойынша бізге жеткен алғашқы тарихи еңбекті - «Жылнамалар
жинағын» («Жәми ат-таварих») жасады. Бұл жинақ Қазақ
хандығының құрылу тарихы туралы мәліметтерден басқа,
Қазақстанның қалалары, өзендері, таулары мен шекаралары
туралы кең көлемді ақпаратты қамтыды.
Картосызба: Қазақстанның географиялық зерттеулері.
Түсіндірме: Осы картосхемада Қазақстан аумағын зерттеуші
саяхатшылардың бағыттары көрсетілген, онда әрбір ғалымның
жолы шартты белгілермен көрсетілген. [9}
8-тапсырма : Қазақстан аумағындағы ғылыми зерттеулердің
шынайы себептері қандай?
Түсіндірме: XVII ғасырдың соңында Қазақстан мен Орта Азия
туралы барлық картографиялық материалдарды көрнекті орыс
ғалымы С. Ремезов жинақтады. Қазақстан аумағы туралы тарихи-
географиялық мәліметтерді қамтитын "Сібірдің сызба кітабы"
атты ғалым еңбегінің қорытындысы болып табылады.
XVIII ғасырда Петр I Ресейдің Қазақстанмен қарым-қатынасына
ерекше назар аударады. Ол Қазақстан аумағын "бүкіл Азия елдері
51
мен жерлерінің кілті мен қақпасы" деп санап, оны Ресейге
бағындыру жоспарын құрды. Осыған байланысты патша
Қазақстанға әскери экспедицияларды жабдықтап, Каспий теңізі
мен Сібірдің шетін зерттеуге тапсырма береді.