11-модуль. ТҰЛҒалық дамудағы коммуникацияның психологиялық ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата09.12.2023
өлшемі289,75 Kb.
#135465
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
11-дәріс

Коммункацияның 
келесі 
негізгі 
түрлерін 
атап 
өтейік(коммуниканттардың құрамы бойынша):
1.Интраперсоналды, тұлға аралық, топтық, көпшілік коммуникациялар.
2.Тұлға аралық коммуникация ( жоғарыда көрсеткендей мұның да екі түрі 
бар-вербалды және вербалды емес тұлға аралық коммуникациялар).
Енді солардың ішіндегі негізгілерін талдап өтейік 
1.Вербалды емес коммуникация:
а) біріншілей тілдерден (ым-ишаралар жүйесі, (әрине естімейтін, мылқау 
адамдардың ым-ишаралары емес), бет қимылы, пантомима және тағы 
басқалар);
ә) екіншілей тілдер (Морзе әліппесі, музыка ноталары, бағдарламалау. 
2.Вербалды коммуникацияның түрлері:
а) ауызша (диалог, оның түрлері: ақпараттық, фатилік, манипуляциялы, 
полемикалықжәне жазбаша түрлері.


ә) ішкі сөз адамның өзімен өзі қарым-қатынас жасауы, әрине онда 
коммуникация өтпейді себебі адам ақпараттар алмаспайды.
б) сыртқы сөз оған жататындар диалог, монолог, ауызша және жазбаша сөз, 
тыңдау және оқу. 
Коммуникацияның түрлері
:
1.Физикалық коммуникация-коммуникация өтетін физикалық шарттар 
(кеңістік, уақыт, орны).
2.Психологиялық-субъективті коммуникация- психологиялық күй, яғни 
коммункацияға түсіп жатқан серіктестердің көңіл күйлері, құндылықтары, 
қызығулары, жеке бастық тәжірибелері, бір біріне деген қатынастарының 
сипаты, осылардың негізінде сенімді ақпараттар алмасу.
3.Әлеуметтік-мәдени коммуникация-коммуникацияның әлеуметтік мәдени 
шарттарының барлық жиынтығы, яғни мінез-құлықтың ережелері мен 
нормалары, 
қатысушылардың 
әлеуметтік 
мәдени 
сипаттамаларына 
негізделген коммуникация.
Коммуникацияның тағы бір екі ерекше түрін де білу керек, олар топтық 
және көпшілік коммуникациялары. Топта топ мүшелерінің ортақ 
қызығулары және олардың арасында коммуникацияның продуктивті болуы
сол топтың негізгі көрсеткіші. Топтық коммуникацияға отбасылық, шартты 
және шартты емес топтар жатады.
Көпшілік коммуникация, мысалы теледидардағы ток-шоулар,
жаңалықтардағы бір ірі интервью, жарнама, компьютерлік ойындар және 
тағы басқалар.
Тұлғааралық коммуникация да ерекше коммуникация, мысалы 
достардың телефонмен қарым-қатынасқа түсуі, поездағы бірге бара жатқан 
жолаушы, сатушы мен сатып алушының арасындағы диалог, ата-ана мен 
баланың қарым-қатынасы және тағы басқалар.
Коммуникацияның функциялар өте көп, себебі біздің өміріміздің ең бір 
ажырамас бөлігі, келесі функцияларын да атап кетейік:
1.Байланыстыратын; 
2.Ақпараттық немесе инструменттік; 
3.Интерактивті (іздендіруші); 
4.Прагматикалық, экспрессивті; 
5.Қатынастарды орнатушы; 
6.Әлеуметтік; 
7.Мәдениеттанушылық; 
8.Реттеуші (әлеуметтену, тәрбие, әлеуметтік нормалар).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет