18
Көмірсулардың қасиеті мен қызметі.
Жай (қарапайым)
көмірсулар
(моносахара) суда жақсы ериді және дәмі тәтті. Олар да глюкоза сияқты
негізгі энергия көзі болып табылады.
Кейбір көмірсулардың молекулалары моносахаридтердің екі
молекуласынан түзілген. Оларды
дисахаридтер
деп атайды. Мысалы,
сахароза – қызылша
немесе қант қамы сының қанты, не лактоза – сүт
қанты. Сахароза моле куласы глюкоза мен фруктоза молекулаларынан
түзіледі (12-сурет). Сахароза суда жақсы ериді,
глюкозаға қарағанда
құра мында атом саны көп. Сондықтан өсімдіктің сүзгілі түтікшелері
арқылы жапырақтан тамырға және басқа мүшелеріне көбінесе саха роза
ерітіндісі тасымалданады.
Күрделі полимерлік көмірсулар
– полисахаридтер
– глю козаның
бірдей молекулаларынан түзіледі. Оларға крахмал, целлюлоза, гликоген,
хитин жатады. Олар суда ерімейді және
қоректік қор немесе құрылыс
қызметін атқарады (13-сурет).
Крахмал
– өсімдіктердегі негізгі қоректік көмірсу (тұ қым, картоп
түйнегі).
Гликоген
– адам және жануардың негізгі қордағы көмір суы (бауыр,
бұлшық ет).
Целлюлоза
– өсімдіктердегі негізгі құрылымдық көмірсу (жасуша
қабырғасы – сүрек).
Хитин
– жануарлардың негізгі құрылымдық көмірсуы (бу ын аяқ-
тылардың – шаян, өрмекші, жәндіктердің және са ңы рау құ лақтардың
сыртқы қаңқасы (жасуша қабырғасы).
Муреин
– бактерия жасушасының негізгі тірегін құрайтын полимер.
11-сурет.
Достарыңызбен бөлісу: