225
көрсеткіш. Егер онда жас әрі
ересек дара лар басым болса, популяция
тұрақты болады. Ал қартайып бара жатқан және қартайған даралар ба-
сым болса, популяция қысқара бастайды.
Жыныстыққұрамы
– популяциядағы жыныстық жа ғынан жетілген
аталық және аналық арасындағы қатынас. Бұл – популяция жағдайын
жанама көрсететін тағы бір көрсеткіш.
Дұрысы дара жынысты еркін
шағылысатын популяцияда аналық (самка) саны аталық (самец) саны-
нан едәуір артық болуы керек. Бірақ біте, дафния, комод кесірт келерінің
және т.б. партеногенетикалық ұрпақтары болатыны белгілі.
Популяция генофонды
немесе оның
генетикалық құрылымы
–
популяциядағы даралар ие барлық геннің, олар дың түр
өзгерістерінің
жиынтығы. Генофонд эволюция барысында тірі ағзалардың кез келген
тобы ұмтылатын нәтиже болып табылады. Себебі, популяцияда «пайда-
лы гендер» неғұрлым көп болса, олардың тірі қалу мүм кіндігі соғұрлым
жоғары –
эволюциялық жетістік.
Осы жағдайда
пайдалы белгілердің
пайда болуын қамтамасыз ететін гендер мен олардың формалары –
ал-
лельдер
ағзалардың едәуір бейімделуіне мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: