2.2. ГАЗЛИФТІ ӘДІСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ 1.
Ұңғының тереңдігі мен тізбектің диаметріне қарамастан көп
мөлшерде өнім алуы.
2.
Құбырға айдалатын газдың немесе ауаның мөлшерінің
өзгеруіне байланысты ұңғы өнімін бір қалыпты және жеңіл өндіру.
3.
Қондырғылардың жер бетіне орналасуы қисық бағытталған
және қисайған ұңғыларды сонымен бірге көп мөлшерде құм шығаратын
ұңғыны игеруі.
4.
Жоғарғы температураның ұңғыға әсер етпеуі.
5.
Жер асты жөндеу жұмыстарының арзанға түсуі.
Пайдалану тізбегі мен оған түсірілген құбырдан тұратын сығылған газ
бен ауа көмегімен жоғарыға қарай көтеру жүйесі газлифті немесе эрлифті (газ
немесе ауа көтергіш) деп аталады.
Газлифті жүйесінің әсері фонтан жүйесімен әсері бірдей, себебі сұйықтың
жоғарыға көтерілуі жұмысшы агентінің қуаты әсерінен болады.
Газды немесе ауаны сығуы, жоғарыда компрессордың көмегімен
орындалған мұнай ұңғысын пайдалану компрессорлық деп аталады.
Қоспаның көтеру жоғарылығы тек айдалған газ сонымен байланысты
емес, көтергіш құбырдың сұйыққа батуына байлаысты. Егер көтеру құбыры
сұйық деңгейінен төмен болса, онда айдалған газ сұйықтан өтіп жоғарыға
шығып кетеді. Ал сұйық қабырғасымен қайта төмен қарай ағады. Сұйықтың
көтерілуі жоғарылығы көтергіш құбыр диаметріне байланысты. Үлкен
диаметрлі құбырларға қарағанда кіші диаметрлі құбырларға бірдей агент
шығынымен бірдей сұйық деңгейі көтерілуі мүмкін.
Көтеру жоғарылығына сұйық тұтқырлығы да әсер тигізеді. Мұнайдың
көтерілу жоғарылығы суға қарағанда төмен. Себебі мұнай тұтқырлығы үлкен.
Газдың, мұнайдың құбыр қабырғасынан өтуі қиын. Сондықтан мұнайды
жоғарыға көтереді. Осылай газ ауа көтергішінің жұмыс істеуі көтергіш құбырда
газдануымен оның орташа тығыздығымен төмендеу нәтижесінде көтерілу
құбырына үздіксіз газ беру кезінде газданған сұйық ұңғының сағасына дейін
көтеріледі және сыртқа төгіледі.
Газ көтергіш пайдалану кезінде ұңғыда құбыраралық деңгей пайда
болады. Бұл өзгермелі деңгей (Ндеңг) деп аталады.
26
Өзгермелі деңгей әрқашан тұрақты деңгейінен аз болады: