33
2.9. ПЛУНЖЕРЛІК КӨТЕРГІШ
Плунжерлік көтергіш – газлифтің бір түрі. Оның өзгешелігі сол жылжу
шығыны мен газдың меншікті шығыны үшін көтергіш құбырының тізбегі
жоғары қозғалғанда сұйықты газдан айыратын плунжер енгізеді.
2.9.1-сурет . Плунжерлік көтергіш конструкциясы .
Плунжерлі көтергіш бір қатарлы қырлы көтергіштен айырмашылығы аз
және төменгі амортизаторы бар көтергіш
құбыр тізбегімен жоғары
амортизаторлы бар көтергіш саға арматурасынан тұрады. Компрессорлы немесе
фонтанды әдіспен пайдаланып жатқан көтергіш құбыр тізбегіне плунжер
соңында ашық клапаны бар цилиндр енгізіледі. Жоғары қарай көтерілген
плунжерден ұңғы өнімі мұнай мен газ еркін өтеді.
Көтергіш құбырының төменгі жағына жеткеннен кейін плунжер
амортизаторға соғады да клапан жабылады
және оған төменгі жағынан
компрессордың құбыр аралық кеңістігіне айдаушы немесе қабат газы
итермелей бастайды. Плунжер өзінің алдында бар сұйықты итермелей жоғары
қарай көтеріледі. Сұйық ұңғы сағасына жеткенде сұйық шығару жиеліс арқылы
трапқа немесе мұнай жинағышқа қарай құйыла бастайды. Ал плунжер саға
арматурасына орналасқан. Жоғарғы амортизаторға сығылады.
Сондықтан
плунжер клапаны ашылады және плунжер төмен қарай құлайды. Осылай цикл
қайталана береді. Ұңғыны пайдалану жүйесінде сұйық шығару жүйесі барлық
уақытта ашық болады, көтергіш құбырында сұйықты газдандыратын газ
қозғалысы қарастырылмайды. Плунжердің құлауы кезінде құбыр арқылы бір
жота газ ағып кетеді. [8]
34
2.10. ГАЗЛИФТІ ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕГІ АҚАУЛАР, ОЛАРДЫ
ЖОЮ ШАРАЛАРЫ
Газлифті ұңғыны дұрыс пайдалану бірқатар кемшіліктермен бұзылады.
1.
Көтергіш және ауа құбырларында ұңғы түбінде құм
тығынының пайда болуы.
2.
Сұйық шығару жиелігі мен құбырларда парафин немесе
тұздың шөгілуі.
3.
Бір қатарлы көтергіштегі құбыр аралық кеңістіктен екі
қатарлы көтергіштегі сақиналы кеңістікте сальниктің пайда болуы.
4.
Сұйық шығаратын желінің ластануы.
5.
Мұнайдың ерімейтін талшықтарына қаныққан заттар
(эмульсия) пайда болуы.
Құм шөгінділерімен күрес – көп жағдайда ұңғыға сұйық пен бірге құм
келеді. Егер ұңғыға түскен құмның жоғарыға
шығуына жағдай жасалмаса,
ұңғы түбіне шөгіп құм тығыны пайда болады. Мұндай тығын сүзгішті жауып
қалады. Осының сесебінен қабаттан ұңғыға сұйықтың келуі қиындайды. Кейде
құм тығыны көтергіштерде сыртқы қатарлардағы құбырларда пайда болады.
Өндірісте құм тығынын болдырмаудың мақсаты шыңырауға құмды келтірмеу
немесе ұңғыдағы құмның сұйықтықпен бірге жоғарыға шығарылып және
ұңғыда тығын шөктірмеу.
Ұңғыдағы құмды келтірмеу шарасы режим мінездемесімен депрессияны
болдырмау,яғни, сұйықты алуды төмендету.
Комрпессор ұңғысынан сұйықты алуды реттеу үшін
көтергіш құбырына
бапту тереңдігін, көтергіш құбыр диаметрін немесе жұмысшы агентін айдау
көлемін өзгертеді.
Ұңғыда құм тығынын пайда болуына бақылау өлшеу аспаптарының
көрсеткішіне және ұңғы шығынына қарап білуге болады. Сол сияқты ұңғының
өнім беруі тоқтатылып ұңғыдан төмендетілген қысым кезінде тек ауа (немесе
газ) ғана шығатын болса, ұңғы ішінде құм тығыны пайда болады деуге болады.
Ұңғы түбіне құм тығынынан тазарту үшін
пайдалану тізбегін көтеру
құбырлары арасынан газ беруді тоқтатпай мұнай айдалады.
Кейде осы әдіспен тығынды жуу іске асады, егер ол болмаса жер асты
жөндеу жұмысын жүргізеді.
Бір қатарлы көтергіш құбырына шөккен құмды шығару мүмкіндігі өте аз.
Сондықтан ұңғыға сүзгіш түсіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: