36
ІІІ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
3.1. Газлифті ұңғыларды зерттеу жұмысын ұйымдастыру және оның
тиімділігінің көсеткіштері
Экономикалық тиімділіктің жалпылама критерийіне қоғамдық еңбектің
өнімділігі жатады. Қоғамдық еңбектің өнімділігі ұлттық табысты, материалдық
өндіріссаласында жұмыс жасайтын адамдардың орташа санына бөлу арқылы
табылады.
ЕӨ = ҰТ / А, (3.1.1)
Кен орнында ұңғыны зерттеу жұмысы ұңғылардан шығатын сұйықтың
су көлемінің өзгерісін бақылау арқылы ұйымдастырылады. Зерттеу жұмысын
төмендегідей жолдармен ұйымдастырады:
Диаметрі белгілі штуцері бар ұңғының өнімін екі сағаттан кем
емес бір неше рет өлшейміз.
Бұл кезде траптан газ шығаратын құбыр өткізгіште
қондырылған шығын өлшегіш арқылы ұңғыдан бөлінген газ көлемін
анықтайды. Шығарылған газ көлемін өндірілген мұнай көлеміне
қатынасы ұңғының газ факторына тең.
Сұйықтың құрамындағы құмды анықтау үшін фонтанды
арматураның тармағынан сұйық үлгісі алынады. Алынған сұйықты
сілкіп, шайқап шыныларға толтырып лабораторияға жіберіледі.
Штуцер орнатқаннан кейін 2 – 3 күн сайын өнімін өлшейді.
Бұл ұңғының белгілі бір қалыптасқан режимде жұмыс жасауына көз
жеткізу үшін қажет, содан кейін штуцер диаметрінің 1 мм – ге азайтып белгілі
бір уақыттан кейін (12 – 24 сағ. дейін жаңа режим қалыптасу үшін)
өлшеулерді қайталайды. Бұл жұмысты мына шарт орыңдалғанға дейін
қайталайды: штуцер диаметрін азайтуы, газ факторының көбейюіне әкеліп
соғады. Ал егерде штуцер диаметрін бір өзгерткеннен кейін газ факторының
көбейгені байқалса, онда штуцер диаметрін азайтпайды. Оның орнына ұңғыға
диаметірі 1 мм – ге үлкен штуцер орнатылады, егерде жаңа штуцер салғаннан
кейін ұңғының газ факторы азайса, оның газ факторы көбейгенге дейін,
штуцерінің диаметрін 1мм – ге көбейтіп отырады. Газ факторының кенеттен
өзгерулері байқалса штуцер диаметрін 0,5 мм немесе одан аз ғылып та
өзгертуге болады.
Зерттеу барысында алынған өлшемдер арқылы штуцер диаметрінің
өзгеруіне байланысты газ факторының өзгеру қисығын салуға болады.
Зерттеу кезінде алынған сұйық ағындағы су мен құм құрамы диаграммаға
тіркіледі. Ұңғыларды зерттеуді әр 2-3 ай сайын қайталап отыру керек.
Сонымен қатар, экономикалық тиімділіктің аса маңызды көрсеткіштері
ретінде еңбек сыйымдылығы, материал сыйымдылығы, капитал сыйымдылығы
және қор сыйымдылығы алынады.
Кен орнында ұңғыны зерттеуді ұйымдастырудың экономикалық
тиімділігін анықтау үшін төмендегідей көрсеткіштер қолданылады:
37
Мұнай өнімнің еңбек сыйымдылығы материалдық өндіріссаласында
жұмсалған еңбек санын, шығарылған өнімнің жалпы көлеміне бөлу арқылы
анықталады:
Есый = T / Q, (3.1.2)
Мұндағы: Есый – еңбек сыйымдылығы;
T – еңбек саны;
Q – шығарылған өнімнің жалпы көлемі.
Қоғамдық еңбектің материал сыйымдылығы шикізат, материал, отын,
энергия және т.б. шығындарының көлемін, шығарылған өнімнің жалпы
көлеміне бөлу арқылы анықталады:
Мсый = Ш / Q, (3.1.3)
Мұндағы: Мсый – материал сыйымдылығы деңгейі;
Ш - шикізат, материал, отын, энергия және т.б. шығындары.
Капитал
сыйымдылығы
халық
шаруашылығындағы
капитал
салымдарының көлемін, шығарылған өнімнің жалпы көлемінің өсіміне бөлу
арқылы анықталады:
Ксый = К /
𝛥
Q, (3.1.4)
Мұндағы: Ксый - өнімнің капитал сыйымдылығы;
К – капиталдық салымдардың жалпы көлемі;
𝛥
Q – шығарылған өнім көлемінің өсімі.
Тиімділік – жалпы және салыстырмалы болып бөлінеді.
Жалпы тиімділік – шығындарды атқару арқылы пайда болған әсердің
жалпы көлемін көрсетеді және оны инвестициялардың әрбір объектілері
бойынша есептеуге болады.
Салыстырмалы тиімділік – белгілі бір өндірістік және шаруашылық
есептерді шешуде, екі немесе бірнеше шешім варианттарының ішінен біреуін
таңдап алуда есептелінеді. Ол бір варианттың басқа вариантпен
салыстырғандағы экономикалық қолайлылығын көрсетеді.
Жалпы өнімділіктің көрсеткіштері мынадай категориялар бойынша
топталады:
өндірістік іс-әрекетінің тиімділігін көрсететін көрсеткіштер,
кәсіпорынның
пайдалылығын
және
оның
активтерді
қолдану
мүмкіншіліктерін өлшейді;
өтімділік көрсеткіштері, кәсіпорындардың қысқа мерзімді
міндеттемелерді орындау
мүмкіншіліктерін, айналым
қорларын
басқаруын сипаттайтын көрсеткіштер;
қаржылық
тұрақтылық
көрсеткіштері,
кәсіпорынның
активтерін қаржыландыруда қолданылатын капиталдың құрылымын құру
әдістеріне байланысты болған тәуекелшілдік деңгейін анықтайтын
көрсеткіштер.
Өндірістік іс-әрекеттің тиімділігінің көрсеткіштері. Бұл топ көрсеткіштері
ағымды негізгі өндірістік іс-әрекеттің нәтижелері мен тиімділігін сипаттайды.
Бұлардың көмегімен кәсіпорынның іскерлік белсенділігін бағалауға болады. Ол
үшін қаралып отырған кәсіпорынның қызметтік іс-әрекетін басқа да
38
кәсіпорындармен салыстыру қажет. Мұндағы сапалық критерийге кіретіндер:
өнімді сату нарығының кеңдігі; экспортқа шығарылатын өнімнің көлемі;
кәсіпорын репутациясы және т.б.
Сандық бағалау екі бағытта жүргізіледі:
негізгі көрсеткіштер бойынша жоспардың орындалу деңгейі;
кәсіпорын ресурстарын қолданудың тиімділік деңгейі.
Шаруашылық іс-әрекеттің тиімділігін көптеген абсолюттік және
салыстырмалы көрсеткіштер арқылы бағалауға болады. Солардың ішіндегі
маңыздылары – пайда көрсеткіші болып есептелінеді. Пайда әрбір
кәсіпорынның іс-әрекетінің негізгі критерийі және ақырғы мақсаты болып
табылады.
Сату рентабельдігі (есеп беру кезеңіндегі таза пайда / есеп беру кезеңінің
соңындағы активтер х 100%). Бұл көрсеткіш кәсіпорынның барлық мүлігінің
(айналым және негізгі капиталының) қолданылу тиімділігін көрсетеді.
Негізгі капиталдың рентабельділігі (есеп беру кезеңіндегі таза пайда /
есеп беру кезеңінің соңындағы негізгі капитал минус амортизация х 100%),
кәсіпорынның негізгі қорларының қолданылу тиімділігін көрсетеді.
Меншік капиталының рентабельділігі (есеп беру кезеңіндегі таза пайда /
есеп беру уақытының соңындағы меншік капиталы х 100%). Кәсіпорынның
өзінің қаржыландыру көздерінен инвестицияланған капиталдың қолданылу
тиімділігін көрсетеді.
Тиімділіктің салыстырмалы көрсеткіштері:
Активтердің айналымдылығы (сату көлемі / активтердің
орташа жылдық құны х 100%) кәсіпорынның тауарлары бар активтердің
негізінде шығарылып, сатылу мүмкіншіліктерін сипаттайды;
Негізгі капиталдың айналымдылығы (сату көлемі / негізгі
капитал), негізгі капиталға кіргізілген қаражаттардың қолданылу
тиімділігін көрсетеді;
Айналым қаражаттарының айналым коэффициенті (сату
көлемі / айналым капиталы), айналым саны неғұрлым көбірек болса,
соғұрлым фирманың коммерциялық іс-әрекеті жылдамырақ және ағымды
операцияларды жүргізуге қаражат мөлшері де аз кетеді;
Материалдық-өндірістік запастардың айналым коэффициенті
(сату көлемі / материалдық-өндірістік запастар), материалдық-өндірістік
запастардың жылдық, айналым санын көрсетеді.
Өтімділік көрсеткіштері:
Меншіктік айналым қаражаттарының көлемі немесе таза
айналым капиталы (ағымды активтер / ағымды міндеттемелер).
Кәсіпорынның меншік капиталының, ағымды активтерді жабу көздері
болып табылатын бөлшегін сипаттайды. Бұл көрсеткіш коммерциялық іс-
әрекеттермен, шұғылданатын кәсіпорындар үшін аса маңызды болып
келеді. Меншіктік айналым қаражаттарын көбейтудің ең негізгі және
тұрақты көзі – пайда.
39
Қолданылып жүрген немесе таза айналым капиталының
оңтайлануы (ақша қаражаттары / таза айналым капиталы). Меншіктік
айналым қаражаттарының ақша түріндегі формасын, яғни абсолюттік
өтімділігі бар қаражаттарды сипаттайды. Бұл көрсеткіш 0 мен 1
аралығында өзгеріп отырады.
Жабу
коэффициенті
(ағымды
активтер
/
ағымды
міндеттемелер). Активтердің өтімділік жалпы бағасын береді.
Кәсіпорынның
ағымды
активтерінің
қанша
теңгесі,
ағымды
міндеттемелерінің 1 теңгесіне келетінін көрсетеді.
Тез өтімділік коэффициенті. Бұл коэффициент жабу
коэффициенті сияқты есептеледі, бірақ ағымды активтердің аз-маз
бөлшектерімен есептелінеді, есептеуден - өндіріс запастары алынып
тасталады.
Абсолюттік өтімділік коэффициенті (ақша қаражаттары /
ағымды міндеттемелер). Кәсіпорын өтімділігінің ең тұрақты критерийі,
қысқа мерзімді қарыз міндеттемелерінің қай бөлігі, қажет болған
жағдайда тез арада өтеле алатынын көрсетеді.
Запастарды жабудағы меншіктік айналым қаражаттарының
үлесі (меншіктік айналым қаражаттары / запастар мен шығындар),
запастардың меншіктік айналым қаражаттарымен жабылатын бөлігін
көрсетеді.
Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері:
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының негізгі бір сипаттамасы – ұзақ
мерзімді жоспарлардағы оның іс-әрекетінің тұрақтылығы. Ол кәсіпорынның
жалпы қаржылық құрылымымен және оның кредиторлар мен инвесторлардан
тәуелділік дәрежесіне байланысты. Қаржылық тұрақтылық ұзақ мерзімді
жоспарларда, меншіктік және қарызға алынған қаражаттардың арақатынасымен
сипатталады.
Көрсеткіштер:
Меншік капиталын шоғырландыру коэффициенті (меншік
капиталы / активтер). кәсіпорын жұмысына қажетті қаражаттардың
жалпы көлеміндегі, кәсіпорын иелерінің үлесін көрсетеді. Бұл
коэффициент неғұрлым жоғары болса, кәсіпорын сыртқы кридиторлардан
неғұрлым қаржылы тұрақты және тәуелсіз.
Қаржылық тәуелділік коэффициенті (активтер / меншік
капиталы) – меншік капиталын шоғырландыруға кері коэффициент. Бұл
көрсеткіштің динамикада өсуі, кәсіпорынды қаржыландырудағы қарыз
қаражаттары үлесінің көбейгенін көрсетеді. Егер оның маңызы бірге
дейін төмендесе (немесе 100%), онда ол, кәсіпорын иелерінің өз
кәсіпорынын толық қаржыландырып отырғанын көрсетеді.
Меншік капиталының оңтайлылық коэффициенті (меншіктік
айналым қаражаттары / меншіктік капитал). Меншіктік капиталдың қай
40
бөлігі,
ағымдық
іс-әрекеттерді
қаржыландыруға
жұмсалатынын
көрсетеді.
Ұзақ мерзімді салымдардың құрылымдық коэффициенті (ұзақ
мерзімді міндеттемелер / негізгі қаражаттар және басқа да айналымнан
тыс активтер). Бұл коэффициент, негізгі қаражаттар мен басқа да
айналымнан тыс активтердің қай бөлігі сыртқы инвесторлар арқылы
қаржыландырылғандығын көрсетеді, яғни кәсіпорын иелеріне емес,
сыртқы инвесторларға тиесілі.
Достарыңызбен бөлісу: |