Сборник заданий по суммативному оцениванию по учебным предметам общего среднего уровня первая часть Нұр-Сұлтан 2020



Pdf көрінісі
бет191/229
Дата10.12.2023
өлшемі9,16 Mb.
#135716
түріСборник
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   229
Бағалау критерийі
 
Тапсырма 
№ 
Дескриптор 
Балл
 
Білім алушы 
Мамандандырылған тар 
аядағы арнайы 
мәтіндердегі сөздер мен 
термин сөздердің 
мағынасын анықтайды 

бағандардағы ақпараттарды мәтіннің 
мазмұны бойынша сәйкестендіреді; (әр 
2 дұрыс жауапқа 1 балл) 


сөздердің мағыналарын өз сөзімен 
түсіндіреді: 
1-сөз;
2-сөз;
3-сөз;



Вербалдық және 
бейвербалдық 
элементтерді қолданып, 
көпшілік алдында 
сенімді, еркін сөйлейді 

сұхбат мазмұнында мәтін ақпаратын 
қолданады; 

клишелерді сұхбат мазмұнына сай 
орынды қолданады; 

сұрақ қоюда немесе сұхбат беруде 
бейвербалдық элементтерді қолданады; 

қолданған бейвербалдық элементтер 
ойды жеткізу көмектеседі; 

сұхбат мазмұны көтерілген мәселені 
ашады. 

Барлық балл 
11 


343 
«Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың 
нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика 
Білім алушы
_______________________________________________ 
Бағалау 
критерийі 
Оқу жетістігі деңгейі 
Төмен 
Орта 
Жоғары 
Мамандандыры
лған тар аядағы 
арнайы 
мәтіндердегі 
сөздер мен 
термин 
сөздердің 
мағынасын 
анықтайды 
Бағандардағы 
ақпараттарды 
мәтіннің мазмұны 
бойынша 
сәйкестендіріп, 
берілген сөздердің (3 
сөз) мағыналарын өз 
сөзімен түсіндіруде 
қиналады. 
Бағандардағы 
ақпараттарды мәтіннің 
мазмұны бойынша 
сәйкестендіріп, 
берілген сөздердің (3 
сөз) мағыналарын өз 
сөзімен түсіндіруде 
қателе седі.
Бағандағы 
ақпараттарды 
мәтіннің мазмұны 
бойынша 
сәйкестендіріп, 
берілген сөздердің 
(3 сөз) 
мағыналарын өз 
сөзімен түсіндіреді. 
Вербалдық және 
бейвербалдық 
элементтерді 
қолданып, 
көпшілік 
алдында сенімді, 
еркін сөйлейді 
Клишелерді сұхбат 
мазмұынан сай 
орынды қолданып, 
мәтін ақпаратымен 
байланыстырып сұрақ 
қоюда немесе сұхбат 
беруде, ойын жеткізу 
үшін бейвербалдық 
элементтерді 
үйлестіре орынды 
қолданып, көтерілген 
мәселені ашуда 
қиналады.
Клишелерді сұхбат 
мазмұынан сай орынды 
қолданып, мәтін 
ақпаратымен 
байланыстырып сұрақ 
қоюда немесе сұхбат 
беруде, ойын жеткізу 
үшін бейвербалдық 
элементтерді үйлестіре 
орынды қолданып, 
көтерілген мәселені 
ашуда қателеседі 
Клише мазмұнынан 
сай орынды 
қолданып, мәтін 
ақпаратымен 
байланыстырып 
сұрақ қояды немесе 
сұхбат береді, ойын 
жеткізу үшін 
бейвербалдық 
элементтерді 
үйлестіре орынды 
қолданып, 
көтерілген мәселені 
ашады. 
«Экология. Мұнай және атомдық индустрия», «Тіл. Өнер. Әдебиет» бөлімдері 
бойынша жиынтық бағалау 
 
Сөйлеу әрекетінің түрлері 
Оқылым, Жазылым 
Оқу мақсаты 
 
11.3.2.1 ғылыми және публицистикалық
 
стильдегі мәтіндердің (аннотация) 
құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық және тілдік ерекшеліктерін талдау 
11.4.2.1 қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе 
бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі)
11.4.6.1 мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу 
Бағалау критерийі 
Білім алушы: 
• 
Публицистикалық стильдегі мәтіннің құрылымы мен рәсімделуін, 
жанрлық және тілдік ерекшеліктерін талдайды
• Қажетті ақпаратты қолданып, өз ойын дәлелдеп, «келісу-келіспеу» эссесін 
жазады.
• 
Мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолданады 
Ойлау дағдыларының деңгейі 
Білу және түсіну, Қолдану 


344 
Орындау уақыты 
15-20 минут 
 
Тапсырма
Мәтінді оқып, құрылымы мен рәсімделуі, жанрлық және тілдік 
ерекшеліктерін талдап, берілген кестені толтырыңыз. 
Қоршаған ортаны қорғау мәселесіне келетін болсақ, облысымызда атқарылып жатқан 
жұмыстар аз емес, алайда проблемалар да бірінен соң бірі туындап отырғанын жоққа 
шығаруға болмайды. Соның ішінде ең өзекті деген үш проблемаға тоқталғанды жөн санадық.

Өңірдің басты экологиялық проблемасы ретінде «Қошқар-Ата» қалдық қоймасын 
айтуға болады. Бір кездері мұнда Каспий аймақтық тау-кен металлургия комбинатының үш 
зауытынан барлығы 105 млн. тоннадан астам қалдықтары жиналған. Өз кезегінде бұл 
жиынтық белсендігі 11,2 мың кюри және 51,8 млн. тонна әлсіз радиоактивтік қалдықдың 
жиналуына әкеп соқты. Ойпаттың оңтүстік бөлігінде арнаулы жоба жасақталмастан 1994 
жылға дейін химиялық-гидрометаллургиялық зауыттың қатты радиоактивті қалдықтары 
көмілген. 
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу 
басқармасының басшысы Серік Сағынбаевтың айтуынша, күкірт қышқылы зауытының 
өндірістік қалдықтары «Қошқар-Ата» қалдық қоймасының оңтүстік - шығыс бөлігінде, оның 
санитариялық аймағы шекарасынан тыс жерде. Жасыратыны жоқ, дәл қазіргі уақытта 
қалдық қоймасының және оның айналасындағы экологиялық жағдайы мәз емес. Ақтау қаласы 
және Мұнайлы ауданы халқының табиғи ортасы «экологиялық қысымда» тұрғаны ешқандай 
күмән келтірмейді. 
Бұл проблеманы кешенді шешу мақсатында «Қошқар-Ата» қалдық қоймасын қалпына 
келтірудің техникалық-экономикалық негіздемесі және бірінші кезеңінің жұмыс жобасының
жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы 
алынған. Нәтижесінде, «Қошқар-Ата» қалдықтар қоймасын қалпына келтірудің І кезеңінің 
жұмыс жобасын іске асыру үшін, республикалық бюджеттен төрт күнтізбелік жылға 17 
518,159 млн. теңге бөлінді 
Тағы бір өзекті мәселе, Каспий теңізінің экологиясын қорғау бойынша атқарылған 
жұмыстар жайы. Теңізде мұнайдың төгiлуінiң алдын алу және оны жою жөнiндегi өңірлік 
жоспары әзірленіп облыс әкімдігінің 09.08.2016 жылығы № 249 қаулысымен бекітілді. 
Сонымен қатар, жер үсті өзен сулары облыс бойынша жоқ екені белгілі. Ал облыс аумағы жер 
асты су ресурстарымен және де Каспий теңізі айдынымен қамтылған. 
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат ресурстарды пайдалануды 
реттеу басқармасы Каспий теңізінің Маңғыстау бөлігін қорғау аясында біршама жұмыстар 
атқарды. Атап айтқанда, 1399,5 қашықтықты құрайтын Түрікменстан шекарысынан 
Атырау облысының шекарасына дейін су қорғау аймақтары мен белдеулері орналастырылды. 
Жыл сайын Экологиялық зерттеу зертханасы Маңғыстау облысының теңіз портының және 
де мұнай кен орындарының Каспий теңізінің жағалауларына техногенді әсерлерін кешенді 
зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Осы жыл аясында Экологиялық зерттеу зертханасы 
Гидробиология бөлімімен толысып Каспий теңізінің гидрофлора және гидрофауна жағдайын 
зерттеуге мүмкіндік алды. Зерттеу жұмыстарының қорытынды есебі экология 
департаменті, геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясы және де мамандырылған 
табиғатты қорғау прокуратурасына анықталған экологиялық бұзушылықтарды жоюға шара 
қолдануға жіберіліп отырады. 
Жылда халықаралық Каспий күні қарсаңына облыста мерекелік іс-шаралар 
ұйымдастырылады, сонымен қатар Каспий теңізі жағалауындағы мемлекеттердің 
өкілдерімен және де халықаралық беделді ұйымдармен Каспий теңізінің биоресурстарын 
қорғау мәселесінің аясында түрлі шаралар өткізіліп келеді.


345 
Әрине, экологиялық ахуалды жақсартуға құзырлы органдар барын салуда. Десе де, 
қоршаған ортаны қорғау мәселелері жергілікті немесе республикалық бюджеттен қыруар 
қаржыны жұмсау арқылы шешіле бермейтіні айдан анық. Өкініштісі сол, қоршаған ортаны 
қорғаудың орнына, қазір қорлайтындар көбейген заман болып тұр. Бір ғана Каспий мәселесін 
айтатын болсақ, теңіз жағалауын ластануына адамдардың өздері жол беріп отыр. Демек, 
бұл ретте ең алдымен ой-сананы түбегейлі өзгерту қажет. Мұны тек еститін құлақ, сезінтін 
жүрек болса жетіп жатыр.
Нұрбол Оқуов,
ҚР Журналистер Одағының мүшесі
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
 
Мәтін қандай 
құрылымдық 
бөліктерден 
тұрады? 
құрылымдық 
бөліктерден тұрады?
Мәтін қандай жанрда 
жазылған? Неліктен? 
Мәтін қандай 
стильде жазылған? 
Дәлелдеңіз 
Автордың ерекше 
тілдік 
қолданыстарына 
мысал келітіріңіз. 
2. «Каспий теңіз жағалауын ластануына адамдардың өздері жол беріп отыр. 
Демек, бұл ретте ең алдымен ой-сананы түбегейлі өзгерту қажет» деген пікірді 
негізге ала отырып,150-180 сөзден тұратын келісу-келіспеу эссесін жазыңыз. 
Жазба жұмысында тыныс белгілердің дұрыс қойылуына назар аударыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   229




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет