Сборник заданий по суммативному оцениванию по учебным предметам общего среднего уровня первая часть Нұр-Сұлтан 2020


Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелерін



Pdf көрінісі
бет9/229
Дата10.12.2023
өлшемі9,16 Mb.
#135716
түріСборник
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   229
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелерін 
талдау бойынша ұсынымдама 
Мұғалімге бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың 
нәтижелеріне талдау жүргізу ұсынылады. Аталған талдау білім алушыларға 
кері байланыс беруге, сыныптың оқу жетістігі деңгейін анықтауға мүмкіндік 
береді. Бұдан басқа мұғалім қажет болған жағдайда қалыптастырушы, 
жиынтық бағалау рәсімдерінің алдағы уақыттағы әдістерін, тапсырмаларды, 
сабақ жоспарларын қайта қарауына болады. 
Кемшіліктерді 
анықтау 
үшін 
мұғалімдерге 
сапалы 
(валидті) 
тапсырмаларды іріктеуі/құрастыруы, бөлім/ортақ тақырыптар бойынша 
жиынтық бағалау үдерісін сабақта әр білім алушының материалды меңгеру 
деңгейін дер кезінде диагностикалауға мүмкіндік беретіндей жоспарлау қажет. 
Бұл ретте кемшіліктерді қарастыруға қатысты асығыс шешім қабылдау, 
ұсыныс беруден аулақ болған дұрыс. Нақты тұжырым тек бір ғана шағын 
тапсырмаға немесе бір реттік бақылауға негізделмеуі тиіс. 
Тапсырмаға сараптама жасауға арналған сұрақтар:

тапсырма оқу мақсатына, бағалау критерийлеріне, көрсетілген ойлау 
дағдыларының деңгейлеріне сәйкес келе ме? 

сұрақтың немесе тапсырманың берілуі түсінікті ме (екі жақты теріс 
пайымдау, қажетсіз қиын сөздер, күрделенген синтаксис, диалект сөздер, анық 
емес сөздер және т.б.)? 

тапсырманың берілуінде түсінік беретіндей тұстары жоқ па (тура, 
ауыспалы)? 

тапсырмалардың күрделілік деңгейі жеткілікті ме? 

суреттер, диаграммалар, сызбалар және т.б. анық па? 

грамматикалық және орфографиялық қателер жоқ па? 

балл қою кестесі/дескрипторлар тапсырмаға сәйкес пе? 

жауап нұсқаларының ішінде дұрыс жауабы бар ма? 

жауап 
нұсқалары 
логикалық 
реттілікпен 
орналасқан 
ба? 
Тапсырмаға сараптама жасауға қойылатын талаптар:

тапсырмалар спецификациямен сәйкес (оқу мақсаты, балл саны, 
орындау уақыты); 

тапсырмалар мазмұны оқу мақсаттарына сәйкес; 

тапсырмалар мазмұны ойлау дағдылары деңгейіне сәйкес; 

тапсырмаларды орындау уақыты рационалды түрде белгіленген; 

жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы ұсынылған; 

балл қою схемасының құрылымында барлық маңызды компоненттер 
сақталған (тапсырма нөмірі, тапсырманы орындау кезеңдері көрсетілген 
жауаптар, әр кезеңнің баллы, балл қою бойынша ұсыныстар келтірілген 
қосымша ақпарат); 

тапсырманың күрделілік деңгейіне балл саны сәйкес келеді. 


14
Оқу білім алушының басында түсіну, жеткізу, болжау түрінде 
болатынын, сондықтан қорытындыны (бағалау пайымы) дұрыс тиянақтау 
үшін ең сенімді, жарамды негізді талап ететін үдеріс екенін естен 
шығармауымыз қажет. Негіз ретінде қалыптастырушы бағалау кезіндегі 
бақылау және бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау кезіндегі 
нәтижелер қызмет атқаруы мүмкін. Бұдан басқа қосымша негіздеме ретінде 
мұғалімнің кемшіліктердің алдын алу туралы шешім қабылдауы кезіндегі 
сенімділігін арттыру мақсатында туындаған қиындықтарды білім алушымен 
бірге талқылауына болады. Оған көмегі тиетін жағдай туындағанда, осы шара 
туралы оның пікірін, ойын білуіне болады.
Тоқсандық жиынтық бағалауды тоқсанның және оқу жылының соңғы 
күндерінде өткізу ұсынылмайды. 
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуге дейін мұғалім білім 
алушылардың тапсырманы орындау барысында көмегі тиюі мүмкін тыйым 
салынған заттарды әкелмегеніне көз жеткізуі қажет. Тыйым салынған 
заттардың болу жағдайы ережені бұзушылық болып саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   229




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет