Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Кіріспе. Онтогенез заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет2/60
Дата10.12.2023
өлшемі0,75 Mb.
#135895
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
Адам жасының кезеңдері 
Оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырғанда балалардың жасын белгілі бір топқа бөлуге тура келеді. Ол 
топтардағы балалардың жасын белгілі бір мөлшермен шектеу қажет. Осыған байланысты адам өмірін бірнеше жас 
кезеңдеріне бөледі. 
Жас кезеңдері
деп өсу мен дамуы ұқсас физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт 
мөлшерінің шегін айтады. 1965 жылы Мәскеу қаласында адам организмін зерттейтін түрлі ғалымдар өкілінің 
қатысуымен болған дүниежүзілік жас кезеңдерінің жиналысында адамның барлық өмірін 12 кезеңге бөлген: 
1.
Нәресте- алғашқы 10 күн; 
2.
Емшектегі сәби -10 күн-1 жас аралығы; 
3.
Алғашқы балалық шақ - 1-3 жас аралығы; 
4.
Бірінші балалық шақ - 4-7 жас аралығы; 
5.
Екінші балалық шақ - 8-11жас (қыз бала), 8-12 жас (ұл бала); 
6.
Жасөспірім шақ - 12-15 (қыз бала), 13-16 (ұл бала); 
7.
Кәмелеттік немесе бозбала, бойжеткен - 16-20 (қыз бала), 17-21 (ұл бала); 
8.
Кемел жас (ересектіктің 1- кезеңі) - 21-35 (әйелдер), 22-35 (ерлер); 
9.
Ересектіктің 2- кезеңі - 36-55 (әйелдер) , 36-60 (ерлер); 
10.
Егде жас - 56-74 (әйелдер), 61-74 (ерлер); 
11.
Қарттық жас - 75-90 (әйелдер, ерлер); 
12.
Ұзақ жасаушылар - 90 жастан жоғары. 
 
2-3 тақырыптар. Тірек-қимыл жүйесінің дамуы 
 
Тірек қимыл жүйесіне адамның қаңқасы мен бұлшықеттері жатады. 


Адамның қаңқасы 200-ден астам сүйектен тұрады. Олар бір-бірімен буын арқылы жалғасып 
қозғалмалы келеді. Қаңқаның тірек, қорғаныс қызметін тақарады, зат алмасуға қатысады (сүйектің 
құрамында минералды заттар болады) және қан жасайтын мүше болып табылады (сүйектің қызыл 
кемігінде қан жасушалары түзіледі). Қаңқаға бұлшқ еттер бекітілген. Әрбір сүйекке екі немесе одан да 
көп бұлшық еттер ұштасады. 
Бұлшық еттердің негізгі қызметі - сүйектерді қозғау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет