Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Кіріспе. Онтогенез заңдылықтары


Биологиялық тітіркендіргіштерге



Pdf көрінісі
бет7/60
Дата10.12.2023
өлшемі0,75 Mb.
#135895
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   60
 Биологиялық тітіркендіргіштерге
макро және микроорганизмдердің әсері жатады. 
Тітіркендіргіштердің әсерінен тітіркене алатын ұлпаларды 
тітіркенгіш
ұлпалар деп атайды. Оларға жүйке, 
бұлшық ет, без ұлпалары жатады. Олар тітіркендіргіштердің әсеріне қозумен жауап береді. 
Қозу
аталған 
ұлпалардың жұмыс қабілеті. Қозу кезінде бұл ұлпалардың электрлік және биохимиялық қасиеттері өзгереді
ұлпалар қызмет атқарады, олардың қызметі күшейеді. 
 Жүйке жүйесінің құрылысы, қызметі мен дамуы 
 
Жүйке жүйесінің маңызы. 
Адамның жүйке жүйесінің маңызын оның қызметіне қарай төмендегідей 
анықтауға болады: 
- мүшелерді бір-бірімен байланыстырып, организмнің біртұтастығын іске асырады
- денедегі барлық мүшелердің және мүшелер жүйелерінің қызметтерін реттейді; 
- организмді сыртқы ортамен байланыстырады; 
- сыртқы ортаның өзгермелі жағдайына организмді бейімдейді
- денедегі барлық жасушалардың, ұлпалардың, мүшелердің, бүкіл организмнің тірлігін қамтамасыз етеді. 
Нейронның құрылысы
. Жүйке жүйесінің құрылысы мен функциялық негізі – жүйке жасушасы. Жүйке 
жасушасын 
нейрон
деп атайды. Нейронның денесін 
сома
деп атайды. Нейронның көптеген ұсақ өсінділерін -
дендриттер
, ал ұзын бір ғана өсіндісін – 
аксон 
(нейрит) деп атайды. Аксонның сыртын 
миелин қабығы
қаптап 
тұрады. Ол әрбір 1,5-2 см сайын үзіліп, Ранвье белдеуіне айналады. Орталық жүйке жүйесінде нейрондарды 
қосымша клеткалар – глиялар қоршаған. Нйрондар мен глиялар жүйке ұлпасын құрайды. Глиялар жүйке 
клеткаларының тірегі болып, оны қоректендіреді және электр изоляторы қызметін атқарады.
Нейрондар бір-бірімен өсінділер арқылы байланысып, 
синапстарды 
(грекше “synapsis” - байланыс) түзеді. 
Синапста бір нейронның аксоны екінші нейронның дендритімен байланысады. Синапс екі бөлімнен тұрады: 
пресинапстық және постсинапстық бөлімдер. Пресинапстық бөлімнің пресинапстық мембранасы бар, ол 
аксонның жуандаған ұшы – синапс түймешесінің қабығы. Синапс түймешесінің іші синапстық көбікке толы 
болады. Бұл көбік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет