Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Кіріспе. Онтогенез заңдылықтары


медиатор деп аталатын белсенді химиялық заттан тұрады. Қозуды қабылдайтын дендриттің  қабығын  постсинапстық мембрана



Pdf көрінісі
бет8/60
Дата10.12.2023
өлшемі0,75 Mb.
#135895
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   60
медиатор
деп аталатын белсенді химиялық заттан тұрады. Қозуды қабылдайтын дендриттің 
қабығын 
постсинапстық мембрана
деп атайды. Пресинапстық және постсинапстық мембраналардың арасында 
синапс аралығы болады. Ол – клеткааралық сұйыққа толы кеңістік. 
Әр нейронның денесіндегі синапстардың саны 100, тіпті бірнеше мыңға дейін болуы мүмкін. Синапстардың 
екі түрі бар: қоздырушы және тежеуші. 
Адамның миы нәтижелі еңбек еткен сайын оның синапстары көп болады. Сондықтан жаңа туған 
нәрестелерде синапстар аз болып, ержеткен сайын көбейе түсіп, ересек адамдарда көп болады. 
Жүйкелер мен жүйке талшықтары
. Сырты қабықпен қапталған жүйке жасушаларының өсінділерін жүйке 
талшықтары деп атайды. Жүйке талшықтары 2 түрлі болады: миелинді және миелинсіз. 
Миелинсіз жүйке талшықтарының бойымен қозу үздіксіз жүріп отырады, ал миелинді жүйке 
талшықтарының бойымен бір Ранвье белдеуінен екіншісіне секіріп өтіп, қозудың қозғалысы жылдамдайды. 
Жүйке талшығы арқылы қозудың өтуі жүйке талшықтарының диаметріне де байланысты. Жүйке талшықтарын 
диаметріне байланысты 3 топқа бөледі: 
А, В, С. 
А
тобының талшықтарының диаметрі 22 мк, миелин қабығы болады, қозудың жүру жылдамдығы секундына 
120 м. 
В 
тобының талшықтарының диаметрі 3 мк-ға дейін, миелин қабығы болады, қозудың жүру жылдамдығы 
секундына 5 м. 
С
тобының талшықтарының диаметрі 1 мк-ға дейін, миелин қабығы болмайды, қозудың жүру жылдамдығы 
секундына 2 м. 
Балалардың денесінде С тобының талшықтары көбірек болады. Бірақ бала өскен сайын жүйке талшықтары 
жуандап орталық жүйке жүйесінде де және шеткі жүйке жүйесінде де қозуды өткізу жылдамдығы артады. 
Жүйке талшықтары организмде топтасып дәнекер ұлпадан тұратын қабықпен қапталып жүйкелерге 
айналады. Бір жүйкенің құрамында қозуды орталыққа жеткізетін (афференттік) және қозуды орталықтан 
жұмысшы мүшеге әкелетін (эфференттік) талшықтар болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет