шиеленістің мәні, себептері, типологиясы, қҧрылымы, қызметтері, генезисі, динамикасы, алдын-алу, шиеленісті тоқтату .
Саяси шиеленiс дегеніміз саяси субьектiлердiң саяси қызығушылықтары, қҧндылықтары,
мақсаты мен кӛзқарастарын қарама-қайшылықтарына негiзделген қақтығыстар мен кҥресулер
. Саяси шиеленiстің басқа шиеленістерден айырмашылығы оның саяси қҧндылықтар
тӛңірегенде туындайтындығында:
билік, бедел, саяси мәртебе .
Саяси шиеленiстердiң обьектiсi мен пәнi саяси және мемлекеттiк билiк, оны иелену,
билiк институттарының қҧрылымы, әлеуметтiк топтардың саяси статусы, саяси қҧндылықтар
мен рәмiздер болып табылады.
Шиеленiстi зерттеудiң концепциялары: 1 «Шиеленiстiң жағымды-функционалды» концепциясы /Льюис Козер /;
2 «Қоғамның шиеленiстiк моделi» концепциясы /Р.Дарендорф/;
3 «Шиеленiстiң жалпы теориясы» концепциясы /К.Боулдинг/;
4 «Шиеленiстiң маркстiк теориясы» /К.Маркс, Ф.Энгельс/.
«Шиеленiстiң жағымды-функционалды» концепциясы Льюис Козер шиеленiстерге қҧндылықтар, мәртебе, билiк, қаржы-қаражат ҥшiн
кҥрестердi жатқызды.
Л. Козер концепциясының мәнi – қоғамға әлеуметтiк теңсiздiк, мәңгiлiк психологиялық
қанағаттанбаушылық тән, сондықтан индивид пен топтар арасында қайшылық, сезiмдiк – кӛңiл-
кҥйдiң тҧрақсыздығы тән, бҧл олардың қарым-қатынасын бҧзылады.
Л. Козер әлеуметтiк шиеленiске белгiлi әлеуметтiк пен индивид сезiмдерiнiң қайшылығын
жатқызады.
Ральф Дарендорф «қоғамның шиеленiстiк моделi» теориясын жасады.
«Индустриалдық қоғамдағы таптар мен таптық шиеленiстер» атты еңбегiнде билiктi бӛлуге
байланысты адамдар арасында теңсiздiк пайда болады, олар шиеленiске әкелiп, қоғамның
қҧрылымын ӛзгертедi деп жазды. Қоғамға қажетті ӛзгерiстердi шиеленiстер ӛздерi-ақ жҥзеге
асырады, сондықтан К. Маркс айтқан революциялық тӛңкерiске жол бермеу керек деп есептедi.
Сонымен бiрге жаншылған шиеленiстер қоғам организмiндегi қатерлi iсiкке айналады деп
санады.