82
мақсаттары мен міндеттері ҧқсас қҧрылымдар. Бірақ бҧл екі ҧйым бірін-бірі қайталамайды әрі
бір-біріне қайшы келмейді. Керісінше, Азиядағы қауіпсіздіктің ҧжымдық жҥйесін толықтырып
отыр. Егер Шанхай ынтымақтастык ҧйымы оған мҥше мемлекеттердің нақты қҧқықтары мен
міндеттемелеріне негізделген бірлестік болса, АӚСШК ӛзекті де ӛткір мәселелерді еркін
талқылауға және оны шешу жолдарын іздеуге арналған кеңейтілген форум болып табылады.
ШЫҦ мен АӚСШК Азия қҧрлығындағы қазіргі заманғы халықаралық қатынастардағы
айрықша маңызы бар фактор ретінде танылып отыр.
2003 жылғы 19 қыркҥйекте
Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина президенттері
Біртҧтас экономикалық кеңістікті
(мҧнан әрі БЭК) қҧру туралы келісімге қол қойды. БЭК
Достастық кеңістігіндегі экономикалық ықпалдастықты жҥзеге асырудың бір жолы. ТМД
қҧрамына кіретін тӛрт мемлекет ықпалдастықтың жаңа деңгейіне кӛшу туралы шешім
қабылдады. БЭК қызметіне экономикалық сипат тән. 2004 жылы 20 мамырда БЭК-ті қҧру
туралы заң кҥшіне енді. 2004 жылы 24 мамырда Ялтада БЭК-тің дамуының басым бағыттарын
анықтаған мҥше мемлекет басшыларының кездесуі ӛтті.
Достарыңызбен бөлісу: