2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері



Pdf көрінісі
бет145/199
Дата10.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#136372
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   199
Байланысты:
2. Омырт а жотасыны жалпы рылысы, б ліктері, иілімдері

Нефрон құрылысы: 


Әр бүйректе миллионға жуық нефрон бар, олар осы органның құрылымдық және 
функционалдық бірліктерін білдіреді. Әрбір нефрон бүйрек түтігіне өтетін Боуман 
капсуласында орналасқан қан капиллярларының гломеруласынан тұрады. Түтікше үш 
бөлікке бөлінеді: проксималды, дистальды және оларды байланыстыратын Генле ілмегі.
Нефронның 80% бөлігі қыртысты затта, ал 20% бөлігі милы затта орналасқан. 
130.Бүйректің юкстагломерулярлық аппараты туралы түсінік. 
Уникальность 100% 
Нефрондар 
( дәлірек айтсақ – бүйрек денешіктері , corpusculum renale ) негізінен 
бүйректің қыртыс заттегінің сыртқы және ортаңғы қалыңдығында орналасады . Кейбір 
нефрондар қыртысты заттектің милы заттекке жақын жатқан бөлігінде немесе екеуінің 
шекарасында орналасқан . Осылай орналасу ерекшеліктеріне сәйкес нефрондардың екі 
түрі болады:
1 ) Юкстагломерулярлық нефрондар ( перhroni juxtaglomerulares ) немесе қыртыстық 
нефрондар ( перhroni corticales ) , олардың құрылысы жоғарыда қарастырылды : -
бүйректегі нефрондардың жалпы санының 80 % -ын құрайды ; -юкстагломерулярлық 
нефрондардың бүйрек ( Мальпиги - Шумлянский денешігі ( corpusculum renale ) 
қалыңдығында орналасқан . қыртыс заттегінің сыртқы және ортаңғы қалыңдығында 
орналасқан. 
2 ) Юкстамедуллярлық нефрондар ( перhroni juxtamedullares ) және олардың 
ерекшеліктері: -нефрондардың жалпы санының 20 % -ын құрайды ; Юкстамедуллярлық 
нефрондар қалыпты жағдайда мүлдем қызмет атқармайды,олар тек төтенше жағдайларда 
ғана ( улану , жарақаттану , шок , қан кету , жүрек , бауыр , бүйрек ж.т.б жетіспеушілік 
кезінде ) іске қосылады ; 
Қорыта айтқанда , юкстамедуллярлық нефрондар ( 20 % ) қантамырларының тармақталу 
реттері төмендегідей болады : артериола – капилляр — артериола –венула . 
Ал , юкстагломерулярлық нефрондар ( 80 % ) қантамырларының тармақталу реттері : 
артериола — капилляр — артериола – капилляр – венула . 
Юкстагломерулярлық аппарат (ЮГА) – нейрогуморалді жүйенің бөлігі саналатын жоғары 
мамандырылған жасушалар жиынтығы. Ол қалыпты ультрафильтрацияны ,яғни бірінші 
реттік несептің түзілуін қамтамасыз ететін, әкелетін және әкететін артериола арасындағы 
қысымның тұрақтылығын қадағалайтын құрылым. 
ЮГА жасушалары қанға биологиялық белсенді зат – ренин бөледі, оның әсерінен қан 
плазмасында вазопрессорлық зат – ангиотензин түзіледі.
ЮГА бүйрек денешігі аймағында орналасып, үш компоненттен тұрады:
1) әкелуші артериола қабырғасындағы юкстагломерулярлық жасушалардан;
2) дисталді иректелген өзекшелер қабырғасы аймағында орналасатын тығыз дақтан 
(macula densа);
3)тығыз дақ- әкетуші және әкелуші артериолалар арасындағы тамырлы полюстің 
үшбұрышты кеңістігінде орналасатын кеуекті жасушалар тобынан құралады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет