2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


Орталық нерв жүйесі. Жұлынның эмбриогенезі, нерв түтігінің қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет173/199
Дата10.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#136372
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   199
Байланысты:
2. Омырт а жотасыны жалпы рылысы, б ліктері, иілімдері

157.Орталық нерв жүйесі. Жұлынның эмбриогенезі, нерв түтігінің қалыптасуы.
Text.ru 100% антиплагиат.ру 96,31 
Нерв жүйесінің дамуы 3 кезеңге бөлінеді. Соның соңғы 3 кезеңінде түтікті нерв жүйесі 
дамиды. Сонымен қатар осы кезеңде жұлын дамиды. Алғашында нерв жүйесінде 
пластинка пайда болады, ол пластинканың жиектері қалыңдайды. Одан нерв түтігі 
қалыптасады. Жануарларда қоректенумен байланысты тіршілік әрекеті нерв түтігінің 
қалыптасуымен байланысты. Мысалы қорегін іздеу, оны жұту, сіңіру жатады. Нерв 
түтігінен сегменттік нервтер шығып, денелік миды қалыптастырады. Денелік мидың 
түзілуінің негізгі факторы қозғалыс арқылы қоршаған ортаға бейімделу жатады. 
Жұлынның қалыңдап буылтықтанған жері болмаса онда бұл жануарда қол-аяғы жоқ, 
бүкіл денемен қозғалатын жануар болып табылады. Ал қол-аяғы арқылы қозғалатында екі 
буылтық пайда болады. Бұл денелік ми жұлынға айналады. Бұл денелік мидың 
қалыптасуымен жануарлардың қимылдық қозғалысының жетілуіне, рецепторлар-
сезгіштердің дамуына алып келеді. Ал мидың одан әрі дамып қалыптасуына осы 
рецепторлық құралдың жетілуімен байланысты болып келеді. Мидың пайда болуына 
байланысты онда бүкіл организмді басқарудың жоғары бөлімдері қалыптасады, 
сондықтан жұлын оларға бағынышты күйге ауысады. Осы кезде жұлын тек сегменттік 
аппарат ғана болмайды сонымен қатар импульстерді шеттен миға және кері қарай 


өткізетін өткізгішке айналады. Түтіктің вентралді бөлімінен жұлын сұр затының алдыңғы 
мүйізі, оларға жанасып жататын нерв талшықтарының будалары және аталған 
нейрондардың өсінділері түзіледі. Ал дорсалді бөлімінен сұр заттың артқы мүйіздері, 
жіпшелері пайда болады. Осыдан ми түтігінің дорсалді бөлігі сезімталдыққа, ал вентралді 
бөлігі қозғалысқа жауап береді. Ал енді төменгі бөлігінен жіңішке тәж пайда болады. Ол 
редукциялану нәтижесінде пайда болады. Құрсақтағы 3 айлық балада жұлын бүкіл 
омыртқа өзегін қамтып жатады. Кейін омыртқа бағанасының жылдам өсуінен жұлын 
қысқарып қалады. Сондықтан нәресте дүниеге келгенде жұлын 3 бел омыртқасында 
бітеді, ал есейгенде 1-2 бел омыртқасы тұсында бітеді. Осыған байланысты оның қысқа 
болуынан нерв түбіршіктері төмен және қиғаш бағытталады. 
Қорытындылай келе, нерв жүйесі дамуында жұлын мен нерв түтігі 3 кезеңінде 
қалыптасады. Нерв түтігі нерв пластинкаларының жиектерінің қалыңдауынан 
қалыптасады, одан денелік ми, ал денелік мидан жұлын қалыптасады. Жұлынның 
буылтықтарының болуы, болмауы әртүрлі болып келеді. Ол жануардың қозғалыс 
ерекшелігіне байланысты болып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет