2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


Ми сыңарының жоғарғы-латералді бетінің жүлгелері және қатпарлары



Pdf көрінісі
бет178/199
Дата10.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#136372
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   199
Байланысты:
2. Омырт а жотасыны жалпы рылысы, б ліктері, иілімдері

162.Ми сыңарының жоғарғы-латералді бетінің жүлгелері және қатпарлары. 
Уникальность : 60,4


Маңдай үлесін төбе үлесінен терең орталык жүлге, sulcus centralis, бөліп түрады. Ол ми 
сыңарының медиалді бетінен басталып, жоғарғы-бүйір бетке өтеді, бағыты кішкене 
киғаш,арттан алға, мидың латералді жүлгесіне сәл жетпейді. 
Орталық жүлгеге параллель орталықалды катпары, gyrus precentralis, жатады, бірақол ми 
сыңарының медиалді бетіне жетпейді. Оны алдынан орталықалды жүлге, sulcus 
precentralis, алартынан-орталык жүлге, sulcus centralis, қоршайды. 
Жоғарғы және төменгі маңдай жүлгелері, sulci frontales superior et inferior, орталықалды 
жүлгеден алға бағытталып маңдай үлесінжоғарғы маңдай үлесіне, gyrus frontalis superior, 
ол жоғарғы маңдайжүлгесінің үстінде жатып, ми сыңарының медиалді бетіне дейінжетеді; 
ортаңғы маңдай үлесіне, gyrus frontalis media, оны жоғарғыжәне ортаңғы маңдай 
жүлгелері шектейді; оның алдыңғы бөліміндежоғарғы жэне төменгі бөліктерді, pars 
superior et pars inferior, ажыратады: төменгі маңдай үлесіне, gyrus frontalis inferior, 
төменгімаңдай және мидың латералді жүлгелерінің арасында жатады. 
Латералді жүлге,sulcus lateralis , самай үлесінмаңдай жэне төбе үлестерінен бөліп тұратын 
мидың ең тереңжүлгесі.Ол ми сыңарынын латералді бетіне жоғарыдан төмен және 
алғабағытталады.Бұл жүлгенің тереңінде ұңғыл - мидың латералді шұңқыры, fossalateralis 
cerebri орналасады.
Төменгімаңдайқатпарытұсындажоғарғыжэнетөменгітармақтар 
өтедіжәнеоларүшбөліккебөлінеді: 
1) артқынемесежамылғылыкбөлік,pars opercularis, алдынан 
жоғарылағантармақпеншектелген. 
2) ортаңғы немесе үшбұрышты бөлік, pars triangularis, жоғарылаған және горизонталді 
тармақтар арасында жатады. 
3) алдыңғы немесе көзұялық бөлік, pars orbitalis, горизонталді тармақпен және маңдай 
үлесінің алдыңғы төменгі жиегінің арасында орналасады. 
Төбе үлесі, lobus parietalis, маңдай үлесінен шектейтін орталык жүлгенің артында жатады . 
Төбе үлесін самай үлестен мидыңлатералді жүлгесі, шүйде үлестен толық емес төбе-
шүйде жүлгесі,sulcus parietooccipitalis, шектейді. Орталықалды қатпарға сәйкес орталық 
жүлге артында орталықарты қатпары, gyrus postcentralis,өтеді.Оның артында мидың 
бойлык саңылауында параллель, төбеішіндегі жүлге, sulcus intraparietalis, өтеді.
Төменгі төбе үлесшенің төменгі бөлімдерін екі үлкен қатпар:біріншісі - жиек үстіндегі 
катпар, gyrus supramarginalis, латералдіжүлгенің артқы бөлімінде орналасады, жэне 
жоғарғы самайжүлгесіне тірелетін бұрыштык қатпар, gyrus angularis, құрайды. 
Шүйде үлесі, lobus occipitalisмидың жоғарғы — латералді бетінде төбе, самай үлестерінен 
бөліп түратын шекара жоқ, тек медиалдібетіндегі төбе-шүйде жүлгесі, sulcus 
parietooccipitalis, оны көршілес төбе үлесінен бөледі. 
Шүйде үлесіндегі 3 бетінде сыртқы(латералді) - шығыңқы, ішкі (медиалді) - жалпак және 
мишықшатырында орналасатын төменгі (негізгі) - кысыңқы, бірнеше катаржүлгелері жэне 
катпарлары бар. Шүйдеүлесініңжүлгелерімен катпарлары түрақсыз, екі ми сыңарында 
әркелкі.
Ен ipi жүлгелер мен қатпарлар. 


Көлденең шүйде жүлгесі, sulcus occipitalis transversus, кейде төбеішіндегі жүлгенің артқы 
шетінің жалғасы болады.Латералді шүйде жүлгелері, sulci occipitales laterales, 
шүйдеүлесінің латералді-төменгі бетін бірнеше катар латералді шүйде қатпарларына, gyri 
occipitales laterales, бөледі.
Самай үлесінің, lobustemporalis , айқын шекаралары бар. Оның сыртқы (латералді) -
шығыңқы және төменгі (негізгі) - кысыңкы беттерін ажыратады. 
Мидың латералді жүлгесі оны маңдай үлесінен шектейді. Оның төменгі бетіндегі жатқан 
гиппокамп жүлгесі, sulcus hippocampi, оными сабауынан бөледі. 
Латералді бетіндегі екі жүлге - жоғарғы самай жүлгесі, sulcus temporalis superior, және 
ортаңғы самай жүлгесі, sulcus temporalis media, самай үлесін үш катпарға: бірінші, екінші 
және үшіншінемесе сәйкес жоғарғы, ортаңғы, төменгі самай катпарлары, gyri temporales 
superior, medius, inferior. 
Латералді бетіндегі төменгі самай қатпары самай үлесінің негізгібетіне өтеді, оны қысқа 
және ұсақ төменгі самай жүлгесі, sulcustemporalis inferior, шектейді. Осы жүлгеден 
медиалді латералдішүйде-самай катпары, gyrus occipitotemporal is lateralis, ал оданішке - 
жанама жүлге, sulcus collateralis, орналасады. 
Жанама жүлге гиппокамп жанындағы қатпарды, gyrus parahippocampalis, шектейді, ол 
оның жүлгесімен тістік қатпардан, gyrus dentatus, бөлінеді.
Маңдай үлесінің көзұялық беті, facies orbitalis lobi frontalis, маңдайүлесінің төменгі негізгі 
бетінен, медиалді жиектен иіс сезу жүлгесі,sulcus olfactorius, алға бағытталады, жүлгеде 
иіс сезу буылтығы,bulbus olfactorius, жатады, одан иіс сезу жолына, tractus 
olfactorius,жалғасады. 
Иіс сезу жүлгесі иіс сезу буылтығыньң алдыңғы шетінен кішкене алға шығып тұрады, 
артқы бөліктерімен иіс сезу үшбұрышының,trigonum olfactorium, дорсалді бетінде 
орналасатын иіс сезу төмпешігін, tuberculum olfactorium, қоршайды.
Иіс сезу жүлгесінен ішке, тік қатпар, gyrus rectus, жатады, оның артқы бөлімдері алдыңғы 
тесіктелген затқа жетеді. Ол кесілген қысқа көзұялық жүлгелермен, sulci orbitales, бірнеше 
ұсақ көзұялық қатпарларға, gyri orbitales, бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет