2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


Ортаңғы ми, бөлімдері, құрылысы, қызметі



Pdf көрінісі
бет191/199
Дата10.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#136372
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   199
Байланысты:
2. Омырт а жотасыны жалпы рылысы, б ліктері, иілімдері

172.Ортаңғы ми, бөлімдері, құрылысы, қызметі. 
86,34% 
Ортаңғы ми
-латынша атауы mesencephalon. Шекаралары бойынша алдыңғы және артқы 
шекарасы болады. Алдыңғы төменгі шекарасы ми көпірінің жоғарғы шетімен шектессе, 
алдыңы жоғарғы шекарасы corpora mammillaria, яғни аралық мидың емізік тәрізді 
денешіктерімен шектеседі. Артқы төменгі шекарасы бойынша nervus trochlearis, яғни 4-ші 
жұп нервінің шығатын жолымен, бұл анатомиялық шекарасы болып саналады. Ал артқы 
жоғарғы шекарасы аралық мидың бөлігі epithalamus, яғни эпифизбен шектеседі. Дорсалді 
бетімен- алдынан томпақ дене негізі мен артынан алдыңғы ми желкенінің алдыңғы жиегі 
арасын қамтиды. Вентральді бетімен –алдынан емізіктәрізді денелердің артқы беті мен 
артынан көпірдің алдынгы жиегі арасындағы ми бағанасы аралығын қамтиды.Ортаңғы 
миды дорсалды бетинен lamina tecti төбе табақшасы немесе lamina quadrigemina төбешік 
табакшасы деп,латералды бетинен brachia colliculi superioris et colliculi inferioris жоғарғы 
жане төменгі төбешіктер деп,вентралды бетінен pedinculi cerebri ми аяқшалары жане 
substantia perforate posterior артқы тесіктелген заттек деп қарастырамыз.Ортаңғы ми 
қуысын 3-ші қарынша мен 4-ші қарыншаны байланыстыратын су құбыры aqaueductus 
cerebri деп атаймыз. 
Corpus quadrigeminum төбешік-екі жұп төмпешіктен құралып tectum mesencephali ортаңғы 
ми төбесін көрсетеді.Төмпешіктер көлденең жүлгелермен шектеліп оң жане сол үлкен 
жоғарғы төмпешікке colliculi superioris, төменгі екі төмпешікке colliculi inferioiris болып 
бөлінеді. Бұл екеуінің маңызы бойынша ортаңғы мидағы өткізгіш жолдар-афферентті, 
эфферентті жолдар үшін colliculi superioris,яғни жоғарғы төмпешіктер көру орталығы, 
төменгі төмпешіктері ,colliculi inferioiris, есту анализаторлары өтеді. Төмпешік 
табакшасыны үстінде сүйелді дене буылтығы splenium corporis callosi 
болады.Төмпешіктер сыртын stratum zonale белдеулік қабатпен жабылған. Бұл 
төмпешіктер әрі қарай brachium colliculi superioris және brachium colliculi inferioris болып 
аралық миға қарай жалғасады. Әр төбешіктен латералды бағытта ақ буылтықтар кетеді. 


Мидың вентралды бетінде ми аяқшалары pedunculi cerebri және артқы тесіктелген заттек
substantia perforata posterior орналасады. 
Қызметі: ортангы мида ядролар орналасады, олар қаңқа бұлшық еттеріне үнемі жүйке 
импульстарын жіберіп, олардың шыриғып тұруын — тонусын сақтауға мүмкіндік береді. 
Көру және дыбыс тітіркенуін қабылдайтын бағдарлау рефлекстерінің рефлекс догалары 
ортаңғы ми арқылы өтеді. Бағдарлау рефлекстері бас пен денені тітіркендіргішке қарай 
бұрудан бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет