2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


Табан сүйектерінің қосылыстары.Лисфранк және Шопар буындары



Pdf көрінісі
бет55/199
Дата10.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#136372
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   199
Байланысты:
2. Омырт а жотасыны жалпы рылысы, б ліктері, иілімдері

49.Табан сүйектерінің қосылыстары.Лисфранк және Шопар буындары.
 
Тілерсек-табан буыны 
Тілерсек-табан буындары,articulatio tarsometatarsea.Тілерсек сүйектері мен табан 
сүйектерінің аралығында орналасқан.Топографиялық орналасуына қарай 3буынға бөлеміз. 
1-медиалды сына тәрізді сүйек пен І-табан сүйектерінің аралығындағы буын. 
2-аралық және латералды сына тәрізді сүйек пен ІІ-ІІІ табан сүйектерінің аралығындағы 
буын. 
3-текше сүйек пен IV-V табан сүйектерінің аралығындағы буындардан тұрады.Медиалды 
сына тәрізді сүйек пен І-табан сүйектерінің аралығындағы буынның буын беті бұдыр 
болып келсе, қалған буындардың буын беттері тегіс, жазықтау болып келген.
Сонымен қатар буын беттері гиалин шеміршектерімен беттелген. Буын қапшықтары 
қысқалау болып келген және тартылып орналасқан. Буын қапшығының байламдарына 
жатады:
1. lig. interossea, ол табан сүйектерінің негізінде орналасады. 


2. Сүйекаралық дорзалды тілерсек-табан байламдары, lig.tarsometatarseae dorsalia, буын 
қапшығының дорзалды бетінде орналасқан. 
3.Табандық тілерсек-табан байламдары, lig. tarsometatarseaeplantaria, ол буын 
қапшығының төменгі беттерінде орналасқан. 
4.Сүйекаралық табан байламдары, lig.metatarseae, сына - табан байламдары, 
lig.cuneometatarsea, ол сына тәрізді сүйектер мен табан сүйектерінің аралығында 
орналасқан. Сонымен қатар бұл байламдардан басқа мынадай байламдарды ажыратамыз. 
Олар:1)медиалды сына-табан байлам, ол медиальды сына тәрізді сүйек пен ІІ-табан 
сүйегінің негізінің аралығында орналасқан.2)латералды сына- табан байламы, ол 
латералды сына тәрізді сүйек пен ІІ-табан сүйектер негізінің аралығында орналасқан. 
Оның негізгі қызметін атап өтсек ол буында болатын қозғалыстың көлемін шектеу. 
Тілерсек-табан буындары, практикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, кесуге қолайлы 
анатомиялық құрылым болғандықтан, үш буын дара бір буын-Лисфранков буын ретінде 
қарастырамыз. Бұл буындардың аралығындағы медиальды және латералды сына-табан 
байламдарын Лисфранков буынының "кілті" деп атаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет