semimembranosus артымен төмен түсіп, санның екібасты бұлшықетімен біртіндеп бөлініп
tuberositas tibiae бекиді.Қаз аяғын түзуге қатысады.
Функциясы-санды жазу, сирақты
бүгу.Жартылай жарғақты бұлшықет tuber ischiadicum табақшалы сіңірмен
басталады.Бұлшықет қарыншасы сіңірге жалғасып, үш будаға бөлінеді ол да қаз аяғын
құрайды.
Функциясы-санды жазады, сирақты бүгеді және ішке айналдырады.Санның
медиальді бұлшықеттері санның нәзік бұлшықеті ұзын және жалпақ бұлшықет, ramus
inferior ossis pubis-тен басталып, musculus Sartorius және musculus semitendinosus сіңірлері
арасында tuberositas tibiae бекіп, қаз аяғын құрайды.Функциясы-санды әкеледі, сирақты
бүгеді, тізе буынын бүккенде сирақты ішке айналдырады. Қырқалы бұлшықет musculus
iliopsoas пен musculus adductor longus арасында жатыр.Бұлшықет pectin ossis pubis
басталып, төмен және латеральды жүріп, labium mediale linaelae asperae
бекиді.Функциясы-санды бүгеді және әкеледі. Санның ұзын әкелетін бұлшықеті musculus
pectineus және musculus gracilis арасында орналасып, санның қысқа әкелетін бұлшықетін
және үлкен әкелетін бұлшықеттің будаларын жабады.Ол ramus superior ossis pubis
басталып, labium mediale linealea asperae-ның ортаңғы ұшына бекиді. Функциясы-санды
әкеледі.Санның қысқа әкелетін бұлшықеті musculus pectineus және musculus adductor
longus және musculus adductor magnus арасында орналасады. Ол musculus adductor longus
басталған жерінен латералды ramus superior ossis pubis-тен басталып, labium mediale
linealea asperae жоғарғы ұшына бекиді.Функциясы-санды әкеледі және бүгеді.Санның
үлкен әкелетін бұлшықеті әкелетін бұлшықеттердің ішіндегі ең көлемді және санның
медиальды бетіне жатады. Ол tuber ischiadicum ramus ossis ischiі және жартысынан ramus
inferior ossis pubis-тан басталады.Будалары вертикалбды ажырап, labium mediale linealea
asperae және epicondylus medialis femoris бекиді. Бұлшықет сіңірі epicondylus medialis
femoris бекіген жерінде доға түзеді. Ол әкелетін өзектің шығар тесігін-сіңірлі немесе
әкелетін саңылауды шектейді. Функциясы-санды әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: