Новый документ (3) (1) (1)



Pdf көрінісі
бет2/16
Дата10.12.2023
өлшемі330,22 Kb.
#136675
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Новый документ (3) (1) (1)

[ атрибуттар ] [ спецификаторлар ]
class кластың_атауы [ : түп тегі ]
{ кластың_денесі } ,
мұнда атрибуттар – класс туралы қосымша мəліметті береді;
спецификаторлар – класс құрамына қол жеткізу шарттарын анықтайды.
түп тегі(родители) – базалық кластар;
Класс денесі – класс элементтерінің құрамын анықтайды.
Класты жариялауда мүмкін спецификаторлар: abstract, sealed жəне
protected. Олар туралы мұрагерлікті қарастырған кезде толығырақ
айтылатын болады. Private, public, static жəне internal спецификаторлары
бағдарлама
үшін
кластың
қолжететімділігін
анықтайды.
Private
спецификаторы кластың көрінуін толық жабады, ал public спецификаторы
класты бағдарламаның кез келген үзіндісіне көрсетеді (қол жететіндікті
анықтайды). Негізінде класта internal қол жеткізу спецификаторы болады.
Класс құрылымда анықталған жəне онда қол жетімді болады. Static
спецификаторы осы класқа тиісті айнымалыны (класс объектісін)
құрмай-ақ класс жəне оның элементтерін пайдалануға мүмкіндік береді.
Барлық спецификаторларды класта немесе оның жеке мүшелерінде
қолдануға болады, мысалы, өрістерде, əдістерде.Класты сипаттау
пішімінің кейбір міндетті емес элементтерін біз келесі бөлімдерде
қарастыратын боламыз.
Класс дегеніміз –белгілі бір мəндермен «толтырылатын» үлгі, яғни
класс типіндегі айнымалы – класс данасын əзірлеуге арналған деректер
типі.
Класты атаулар кеңістігінің ішінде немесе басқа кластың ішінде
сипаттауға болады. Соңғы жағдай бойынша класты қабаттасқан класс деп
атайды.
C# тілінде класс сілтемелік тип болып келеді жəне класс объектісін
компьютер жадысында орналастыру үшін new операторын қолдану
керек.Класс денесінде деректер, əдістер жəне оқиғалар өңдеуіштері болуы
мүмкін. Кластың осы құрамдас бөліктерін əдетте класс элементтері деп
атайды.


Кластың негізгі элементтерін жəне олардың қызметтерін қарастырайық:
–класс өрістері (класс айнымалыларының типтері мен атаулары);
– класс əдістері, класс деректерімен жұмыс жасауға арналған, белгілі бір
атауы бар бағдарлама кодының үзіндісі;
– класс қасиеттері дегеніміз - кластарға өз өрістерінің мəндерін бірбірімен
алмасуға (оқуға немесе жазуға) мүмкіндік беретін əдістердің жиыны;
– класс конструкторы дегеніміз – класс объекттерін құруға жəне класс
өрістеріне мəндерді меншіктеуге арналған кластың арнайы əдістері.
Əдетте класс деректері «бағдарлама үшін жабық болады» - private
спецификаторы
қолданылады.
Егер
деректердің
алдына
public
спецификатор жазылса, онда олар «бағдарламада» қолжетімді болады. Еш
əрекетсіз деректер мен əдістер үшін private спецификаторы қолданылады.
Объект дегеніміз – класс типіндегі айнымалы, оны құрған кезде
компьютер жадында класс элементтерінің мəндері сақталатын жеке аймақ
бөлінеді.Алайда, класта барлық объекттеріне ортақ, бір данадағы
статикалық элементтер болуы мүмкін. статикалық деректерді класс
деректері деп жиі атайды, ал қалғандарын - класс данасының деректері,
яғни объекттер.
Кластың кейбір элементтеріне (əдістеріне) жəне өрістеріне қол жеткізуге
объект құрылғаннан кейін ғана мүмкін болады. Егер рұқсат берілген болса,
оларды қолдану үшін нүкте қолданылады, мысалы, stud объектісіндегі
name
өрісіне
қол
жеткізу
үшін былай жазамыз: stud.name =
“Иванов”;.Объект үшін кластың əдісін шақыруға болады, мысалы,
stud.poisk(a);, мұнда poisk(int a) – класс əдісі, stud – құрылған объект.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет