болады. Бұл қатынас бағаның құрылымымен анықталады. Субъект
бағалауыштық бірлік (единица) арқылы объектіге белгілі бір жағынан баға
береді. Е.М.Вольф бағаны модальды құрылым ретінде танып, ашық немесе
жасырын түрде келетін баға субьектісін (жеке тұлға немесе социум), баға
обьектісін (адам, зат немесе оқиға), бағалау элементін және бағалау шегін
оны құрайтын элементтер ретінде керсетеді [1,8]. А.А.Ивиннің айтуы
бойынша, бағаның компоненттері - субьект, пән (предмет), характер, негіз
(основание) [2, 21].
Қазақ газеттері лексикасын зерттеуші Б.Момынова бағалауыштық
лексика туралы, оның әлеуметтілігі мен бағалауыштық лексика
элементтерінің жүйесі туралы айта келіп, бағалаушы субьектінің үш түрлі
қызметін көрсетеді:
1) бағалап отырған затты, процесті, құбылысты танып білу арқылы
іске асатын танымдық функция;
2) өз тарапынан баға беру функциясы;
3) прагматикалық әрекетпен байланысты эмотивті-квалификативті
функциясы [3, 133].
Ғалым сөздердің баға берудегі мүмкіндіктеріне қарай мағынаның
аясында оң және/немесе теріс бағалауыштық қасиеті бар сөздерді
актуалды бағалауыш сөздер, ал белгілі контексте жүйелі түрде қолданыла
келе бағалауыштық сипат алатын сездерді әлеуетті (потенциалды)
бағалауыш сөздер деп атайды [2,134].
Ф.Жақсыбаева езінің «Газет мәтінінің прагматикалық функциясы
(Қазақ
тілінде
шығатын
газет
материалдары
бойынша)»
атты
кандидаттық
диссертациясында
бағалауыштық
лексиканы
газет
мәтінінде прагматикалық қызмет атқаратын макрокомпоненттердің
бірі ретінде көрсетеді. Баға беруде прагматиканың маңызы зор. Газет
тілінде қолданылатын бағалауыштық лексика әлеуметті, яғни қоғамдағы
құндылықтар шкаласының өзгеруіне байланысты баға да өзгермелі
сипатқа ие,
Бағалауыштық - қазақ тіл білімінде әлі де жан-жақты, терең зерттеуді
күтіп тұрған күрделі категория. Біз өзжұмысымызда
Достарыңызбен бөлісу: