сізге зерттеудің материалын жинақтауға (артық материал қарамайсыз,
тек жоспарыңызға сәйкес материал іздейсіз), мақсат-міндеттеріңізді
нақтылауға,
қорғауға ұсынылатын тұжырымдарыңызды анықтауға
көмектеседі. Мысалы,
«Киелі са нда р ды ң ұ л т т ы қ дүние т аны м д ағы
рөлі»
атты тақырыпқа жоспар құрмай, бірден осы тақырыпқа қатысты
мол материал жинап алған студент кейін материалын жұмыстың берілген
көлеміне сыйдыра алмай, материалдарының жартысынан астамын
пайдалана алмай қалды, яғни еңбегі босқа кетті. Ал дәл осы тақырыпқа
қатысты жоспар құрып, зерттеу мәселесінің шегін анықтап алған студент
тек «7» және «13» сандарына ғана қатысты материал жинап, жұмысын
сәтті қорғап шықты.
Жоспар
- кітапта (рефератта, мақалада т.б.) берілген негізгі тақырып-
тардың қысқаша тізімі. Жоспар мәтін мен негізгі ойдың тақырыбына сәй-
кес болуы тиіс. Жоспардың бөлімдері дәл, айқын болуы керек. Жоспарда
мәтінде қарастырылатын мәселелер ғана атап көрсетіледі. Жоспардың
негізгі бөлімдері мақсатты, жүйелі болуы қажет.
Жоспар тілдік ресімделуі жағынан сұрақ-жауап, тақырыптық, тезистік
болып бөлінеді. Құрылымы бойынша жоспарлар
Достарыңызбен бөлісу: