3.8 Жарияланым деп нені танимыз?
Ш
Ғылыми
зерттеулер саласында жазу түріндегі
барлық мәтін жарияланым деп есептелмейді. Мәтіндерді
шартты түрде
жарияланым, жартылай жарияланым
және
жарияланым емес
деп белуге болады. Мәтіндерді
бұлайша бөлу оларды тасымалдаушылардың сипатына
(қағаз немесе электронды) емес, белгілі талаптардың
сақталу, сақталмауымен байланысты. Бұл талаптарға мыналар жатады:
* мәтінді құру мен ресімдеудің академиялық стандарттарының
сақталуы;
* кәсіби қауымдастықтың мәтін мәртебесін растауы;
* дереккөздіңтұрақтылығы;
* мәтін мазмұнының тұрақтылығы;
* мәтіннің қолжетімділігі.
51
Мәтінді құру мен ресімдеу стандарттарыны ңсақталуы -жарияланы м
деп аталатын барлық мәтінге (қағаз түріндегі болсын, электронды нұсқа
болсын) қойылатын
бірінш і
талап, бұл талаптар (тақырып таңцау, жоспар
құру, кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдер жазу, аргумент, тезис келтіру,
дереккөзбен жұмыс т.б.) туралы жоғарыда айтылды. Бұл тұрғыдан
алғанда, зерттеу жұмысында, мысалы, газет мақалаларына (зерттеу
мақала болмаса) сілтеме жасамауға тырысу керек, себебі газеттік
жарияланымдарда бұл стандарттар сақтала бермейді.
Мәтіннің айтылған стандарттарға сәйкестігіне қалай көз жеткізуге
болады? Осы жерде
екінші
талап алға шығады: мәтін мәртебесін кәсіби
қауымдастық растауы тиіс, яғни автордан басқа мамандар ұсынылып
отырған мәтін үшін жауапкершілік алуы қажет. Бұл мамандар қатарына
жауапты редакторлар, кәсіби (баспа) редакторлар мен корректорлар,
рецензенттер жатады. Жауапты редактор (Интернет сайттың бас
редакторы, сайт иесі) мәтіннің жалпы кәсіби сапасына кепілдік береді.
Кәсіби редакторлар мен корректорлар мәтіннің ресімделуін, орфографиясы
мен пунктуациясының сақталуын қадағалайды. Қолжазбаның немесе
таратылған басылымның рецензенттері мәтінге сараптама жасап, оның
мәртебесін растайды. Қалай болғанда да, сізді қызықтырып отырған
мәтінді сайтқа орналастыру үшін жауапкершілік алған адамдардың бар
екеніне, аты-жөніне назар аудару қажет. Сіз сайтқа жауаптылардың кәсіби
мамандардың сеніміне ие екеніне көз жеткізгеніңіз дұрыс. Бұл, әрине,
белгілі дайындықты талап етеді.
Жарияланымның/ш/нш/маңызды сипаты-дереккөздіңтұрақтылығы,
яғни оқырман кез келген уақытта көрсетілген мәтінді қиындықсыз тауып
алу мүмкіндігі. Қағаз түріндегі жарияланым жағдайында жетекші көпшілік
кітапханалар, сондай-ақ шығатын барлық басылымдардың бақылау
данасын сақтап отыратын мекемелер мұндай мүмкіндікті қамтамасыз
ете алады. Бұл талап, әсіресе, электронды мәтіндер үшін өте маңызды.
Сізді қызықтырған дереккөз ғаламтор парақшасында бүгін бар, ал ертең
жоғалып кетсе, оны жарияланым деп санауға күмән туады. Бұл парақша
бір айдан немесе жарты жылдан соң сақталатынын, не сақталмайтынын
білмеймін деуіңіз мүмкін. Олай болса, дереккөз авторларының жоспарлары
белгісіз, сондықтан электронды мәтін де сенімсіз. Электронды мәтін дәл
сіз жүктеп алған уақытта ғана емес, бір, екі, бес жыл өткен соң да сіз
көрсеткен электронды мекенжайдан табылуы тиіс. Осы ретте ғаламтор
желісінен жүктеп алған материалыңыздың алынған күнін және сайттың
жаңартылған күнін көрсетіп қойған дұрыс. Мысалы,
Попова О.В.
Анализ
неконвенционального поведения в кризисном обществе // уууууу.зос.
ри.ш/риЫісаііопз/сопі97-І/аі124.һіпгіІ. Сайттың соңғы жаңартылған күні -
12.11.2011. Ақпарат алынған күн - 15.04.2014.
52
Мазмұн тұрақтылығы деп аталатын
келесі
талап та мәтінді
электронды түрде орналастырумен байланысты.
Кітапта немесе
журналда жарияланған мәтінді қайта жазу мүмкін емес, ол тек қайта
шығарылуы мүмкін. Бұл жағдайда оның библиографиялық сипаттамасы,
кейде атауы басқаша болады. Ал ғаламтор мәтіні шексіз сипатта, оны
жалғастырып, өзгертіп жаза беруге болады, сондықтан ол интербелсенді
шығармашылық өнімі болып саналады, сол себепті бұндай мәтінді
жарияланым деп санауға келмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |