13-МОДУЛЬ. КОНФЛИКТ ПСИХОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ
МОДЕЛЬДЕРІ
13-ДӘРІС
.
МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ МОДЕЛЬДЕРІ ЖӘНЕ КОНФЛИКТІЛІК
МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Профессор Бердібаева С.Қ.
Психологияда әлеуметтік процестерге қатысты әлеуметтік мінез-құлық
дегенді қарастырады. Қоршаған әлеуметтік ортаның реакциясына қатысты
туындайтын
реакцияға
физикалық
және
әлеуметтікқажеттіліктерді
қағанағаттандырумен байланысты болатын мінез-құлықтың жиынтығы
жатады. Оның объектісіне жеке адам және топтарды жатқызамыз.
Әлеуметтік мінез-құлық әлеуметтік статус, әлеуметтік рөл мен
күтулермен тікелей байланысты.
«Табиғи» мінез-құлық-жекелей мәнді және эгоцентрикалық бағытта
болады, жеке дара мақсатқа жетуге арналады.
Назданған мінез-құлық- жеке дара табиғи емес мінез-құлық; соның
арқасында қоғам дамиды. Этикеттен бастап салтанатқа дейін біздің
әлеуметтік өмірімізге өте терең бойлап кеткен, тіпті адамдар сол кеңістікте
жүргендерін байқаймайды да.
Мінез-құлық моделін таңдау дегеніміз күнделікті өмірде, қарым-
қатынаста қажетті нәрсе, адамды коммуникабелді, сүйкімді жасауға
көмектеседі. Олар негізінен бірнеше жіктемелерді құрайды: ресми қарым-
қатынаста және ресми емес қарым-қатынаста (отбасылық, достармен)
қолданылатын моделдер және олар белсенді (агрессивті модель) және енжар
(қорғаныс моделі) деп те бөлінеді.
Өмір талаптарына сай этикет (алдын ала белгіленген) және
стратегиялық модельдер болады. Этикет моделі әрбір мамандықа жазылған
этикалық талаптар, мысалы дәрігерге бөлек, дипломатка бөлек міндеттер
қойылады.
Енді осы модельге калай жетеміз десек оған стратегиялық модельдер
жауап береді, яғни мақсатыңа жету үшін өзіңді қалай ұстау керек соған
байланысты жасалады. Біз қарым-қатынастағы серіктесті өз айтқандарыңа
сендіру, дәлелдеу, оған симпатия тудыру үшін, әр сөзімізді, әрекетімізді,
мінез-құлық стратегиясын дайындаймыз.
Конфликт карым-қатынас барысында туындайды. Қонфликт адамдар
арасындағы қарым-қатынас психологиясының негізгі бір сұрағы,
конфликтінің пайда болуын, шығу себептерін, факторларын, конфликтілік
жағдайларды, оның түрлерін, технологиясы мен механизмін, дамуы немесе
тежелуін, оларды болдырмау немесе шешімін табу жолдары сияқты
мәселелерді психологияның бір негізгі саласы конфликт психологиясы
карастырады.
Қарым-қатынастағы қақтығыстар, яғни конфликтілер тұлғаның
эмоциялық
көңіл-күйімен,
мінез-құлқымен
тікелей
байланысты
болады.Қарым- қатынас барысында адамдар өзара түсінісе алмай реніштер
басталады, кайшылыкты пікірлер пайда болады да конфликт туындай
бастайды. Қарым-қатынастағы өзара түсініспеушілік адамдардың арасында
психологиялық кедергілер жасайды.
Өмірде кездесетін әр түрлі күнделікті қиыншылықтарды адамның жеңе
алмауы, төменгі эмоциялық күйі қарым-қатынаста адамды конфликтілі
мінез-құлыққа итермелейді, осы жағдайлар адамның физикалық,
психологиялық денсаулығына кері әсерін тигізеді.
Конфликтіні бағалау да конфликтідегі адамның жағдайына
байланысты:
а) жеңімпаз - өзін-өзі бағалаудың өсуі, оң эмоциялық көңіл-күй;
б) жеңіліске ұшыраған - өзін-өзі бағалаудың төмендеуі, реніш, стресс, олар
денсаулыққа әсер етуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |