273
Бүгінгі таңда білім беру саласындағы жаңа технологияларды
меңгермейінше, сауатты, жан
-
жақты маман болу мүмкін емес,
өйткені
ақпарат мәселесі қоғамдағы
түйінді мәселелер қатарынан
орын алады. Қоғамды ақпараттандыру мәселесіне қоғамды
дамытудың негізгі шарттары ретінде аса мән берілуде.
Компьютерлік ақпараттық технологияның бүкіл адамзат
әрекетінде
қолданыс
табуы
қоғамның
парасаттану
тенденциясының жоғары деңгейін көрсетеді. Жаңа ақпараттық
технологиялар жағдайындағы оқыту үдерісі жеке тұлға
теориясына сүйенеді, өйткені кез келген оқыту әрбір жеке тұлғаға
бағытталады[2, 14].
Зерттеу жұмысымыздың теориялық негізі ретінде алынған
бірқатар
еңбектердің ішіндегі, әсіресе, Юрий Боревтің
«Эстетика» кітабы, Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегі
баса назарға алынды. Педагогтың бойындағы эстетикалық
құндылықтарды
дамыта отыра, оқушы санасына жаңартылған
оқу мазмұнының нақты анықтамасын орнату. Заманның ортақ
тақырыптарын зерделей келе тереңірек қорытынды шығару.
Мақалада жоғарыда айтылған еңбектердің әрқайсысына
сүйене отырып, зерттеу нысанына айналған шығарманы жан
-
жақты
ғылыми
-
теориялық талдау жасап, оқытудың жаңа
әдістерін
ұсындық.
Елімізде білім берудің
жаңа жүйесін жасау, бәсекеге қабілетті
және дарынды оқушы даярлау бүгінгі күннің басты талабы.
Мұндай шәкірт дайындау үшін білім беру үдерісін белсендіру,
оқытудың
жаңа
формалары
мен
әдіс
-
тәсілдерін,
технологияларын жетілдіру керек. Осы бағытта мектеп
педагогикасының күрделі де маңызды бір мәселесі
–
оқушыны
болашақ мамандығына бейімдеу, шығармашылық, біліктілік
құзыреттіліктерін
қалыптастырудың маңызы зор.
Қазақстандық
бүгінгі жас ұрпаққа сапалы білім, тағылымды
тәлім
-
тәрбие беру үрдісінде
қазіргі заманғы
электоронды
ақпараттық
-
қатынастық технологияларды тиімді пайдаланудың
орны ерекше. АҚТ
-
ны пайдалануды заман ыңғайына қарай
оңтайлы дамыту
–
ХХІ ғасырда кез келген мемлекеттің дамуында
аса маңызды орын алады. Ғылыми
-
техонология мен ақпараттық
-
қатынас, электронды құрал
-
жабдықтар орасан зор қарқынмен
дамыған қазіргі заманда әлемдік озық технологияларды өзінің
274
экономикалық
өсіп
-
өркендеуіне,
қоғамдық
-
әлеуметтік
жағдайының жақсаруына тиімді іске жарату кез келген
мемлекеттің дамуында негізгі қозғаушы күш болып
табылады [3,
7].
Инновация ұғымы кең мағынасында жаңарту, өзгерту дегенді
білдіреді. Ғалым Қ.Құдайбергенова: «Инновация білім беру,
тәрбиелеу жұмысына жаңалық енгізу, яғни жаңа әдіс
-
тәсілдерді,
амалдарды, құралдарды жаңа концепция жасап, оларды қолдану»
[4, 81], –
деп анықтама берген. Біз қарастырып отырған мәселеде
инновация
–
белгілі бір жүйедегі ішкі өзгеріс.
Оқытудың
инновациялық технология бойынша әдістемелік жүйесі, осы
мақсатқа сапалы нәтиже жеткізуге мүмкіндік беретін танымдық
іс
-
әрекеттер түрлерінің мазмұнымен байланысты. Қ.Қадашева
интерактивті әдіске «жоғары белсенділікті көтеру» әдісі деген
баға береді. Бұл оқытудың мақсатына, мазмұнына байланысты
болды. Г.Д.Нұрбекова интерактивті оқыту «оқушылардың бірігіп
бір мәселені шешуге, белгілі бір әрекетте өз жауапкершілігін
сезініп, белсенді болуға және фантазиясын, ой
-
өрісін,
шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік береді» [3, 7 б.],
–
деп
жазады.
Оқытудың дәстүрлі жүйесі біржақты хабар беруге
бағытталады да, ары қарай хабар берудің
тәсілдерін жетілдіре
түседі, сөйтіп, үйренушінің есте сақтау қабілетін ғана дамытады.
Ал интерактивті оқытуда үйренушінің танымдық ойлау қабілетін
дамыту қатар жүреді. Егер сабақта өзара сенім, мейрім, тілдесім
ахуалы қалыптасса, үйренуші тек жаңа материалды сіңіріп
қоймай, сонымен қатар адамгершілік құндылықтарымен де байи,
дами түседі. Жаңаша оқытуда шығармашылық сабақтар, іскери
ойын, ойын түріндегі жоба, дидактикалық спектакль, білім
аукционы, имитациялық тренинг, шығармашылық марафон
қолданылып
жүр.
Зерттеу барысында интерактивті әдістерді қолдана отырып
өткізілген
«ХХІ ғасырдағы роман жанрындағы түрлік өзгерістер.
Ирониялық фэнтези жанры, антиутопия,
мәдени дағдарыс
құбылысы
көрінісі ретінде Д.Амантайдың «Гүлдер мен кітаптар»
романының көркемдік ерекшеліктері» тақырыбындағы жоғары
сыныптарға арналған әдебиет сабағына инновациялық әдістер
керек болады. Ондай әдістердің негізгі мақсаты
–
оқушыға
275
заманауи технологияны пайданалана отырып, оқушыларға білім
мен тәрбиенің негізін ұштастыра дарыту.
Қазіргі
кезде интербелсенді
әдістемелер көптеген оқу
бағдарламаларында қолданылады, себебі олар баланың дербес,
сыни ойлауының
қалыптасуына, өз пікірін дәлелдеу барысында
затқа түрлі көзқараспен, алуан ұстаным тұғырынан қарауға,
басқалардың таңдауы мен шешім қабылдау құқығын сақтау,
өзгеше
болу, сәйкеспейтін бағалау құқығын мойындауды
қалыптастыруға
мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: