«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет138/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   152
Байланысты:
Жинақ-Түркі бастаулары

Коммуникативтік қабілеттерге
пікірсайыстарды 
(дискуссияларды) пайдалану шеберлігі, өзі ұсынған пікірге 


277 
өзгелердің көзін жеткізе білу жатады. Көрнекі материалдарды 
және басқа қажетті деректер мен құралдарды қолдану 
– 
топтарға 
бірлесу, өз көзқарасын қорғау, оппоненттердің көзін жеткізу, 
қысқа нақты есеп даярлау. Оқушылар «5 минуттық эссе» әдісі 
бойынша
 
Оралхан Бөкейдің «Атау кере» 
романын тақырыпқа 
сай, өз ойын қорыта және жинақтай отырып, ой
-
толғанысын 
жазады. Оқушы өз бетімен жеке жұмыс жүргізеді. Эссені 5
-10 
минут ішінде тоқтамай жазады. Бұл әдісте бала өз ойын еркін 
жеткізе білетін болады. Шығармашылықпен
жұмыс істеп, өмірде 
кездесетін жағдайларға, оқиғаларға саналы, ойлы қарауға 
үйренеді
.
5.
 
Әлеуметтік қабілеттер.
CASE-
тік мәселелерді талқылау 
барысында, оған қатысушы адамдар өзін
-
өзі бағалау әдебіне, 
өзгені тыңдай білу дағдысына, пікірсайыстар кезінде бір пікірді 
қолдау немесе оған қарама
-
қарсы пікірдің қателігін дәлелдеу 
шеберлігіне, солармен бірге жұртшылық алдында өзін
-
өзі дұрыс 
ұстауға және т.б. әлеуметтік дағдыларға қалыптасады. «Гүлдер 
мен 
кітаптар» 
романында 
қозғалған 
жұмыссыздық, 
қаңғыбастыққа салыну, ұры-қары атану, алаяқ, нашақорлық пен 
маскүнемділік, теріс ағымдар мен материалдық жетіспеушілік 
т.б.

әлеуметтік
мәселелерді шешуде оқушылардың бұл 
қабілеттіліктерін
дамытуға болады.
6.
 
Өзін-өзі саралау қабілеті.
Кейстік жағдаяттарды талдау 
кездерінде туындайтын пікірталастар келіспеушіліктер мен ортақ 
пікірлерге келу үдерістерін туындатады. Сол кездерде өзгенің 
ойын тыңдай білу мен адамның өз пікірін өзгелерге жеткізе алу 
қабілеттері ашылады. Адам өзінің ойын өзгелерге қалай жеткізе 
алғандығын немесе ондай қабілетінің жетіспей жатқан жақтарын 
аңғарып үйренеді. Сондай кездерде туындаған моральдық
-
этикалық мәселелер мен оларды шешу нормалары адамның 
мінез
-
құлықтық дағдыларын қалыптастырады.
Төменде 
берілген пікірлерге, шығармадағы кейіпкерлердің образдарын 
ала отырып, өз ойын салыстырып жазу бұл қабілеттіліктердің 
ашылуына ықпал етеді. 
Өмірдің мәні 

ақшада, байлықта, билікте
Өмірдің мәні 

отбасында
Өмірдің мәні 

тіршілікте


278 
Өмірдің мәні 

жақсылық істеуде 
Оқытушы кейс
-
стадидің әр топта қалай талқыланып 
жатқанын бақылап, барлық топтардың жұмысын талдай отырып, 
пікірталасты аяқтайды. Уақиғаның шынайы дамуына қысқаша 
түсініктеме береді, қорытынды шығарады. Сонымен, оқытудың 
кейс
-
стади әдісі интерактивті әдістің
бір түрі ретінде 
тыңдаушылар үшін өте тиімді әдіс болып табылады. Ол 
тыңдаушының сабақты қызығып оқуын туындатады. Бұл әдістің 
көмегімен тыңдаушылар романды өздігінше меңгере отырып, 
өмірлік
мәселелерді шешу қабілеттерін де жетілдіреді. Сонымен 
қатар

өз ойын тұжырымдап, соны өзгеге жеткізу ісін жүзеге 
асыруға да машықтанады. 
Кейс
-
стади әдісі оқытушыны да креативті ойлауға, соны 
үздіксіз
дамытып отыруға дағдыландырады. Ол оқытушының 
жүргізетін 
сабағының 
мазмұнын
ерекше 
құруға, 
шығармашылық
қабілетін
жетілдіруге негіз болады.
Мектептерде әдебиет бойынша өзіндік жұмыстың бір түрі 
әдеби
зертхана сабағында оқушыларға әдебиетке қатысты кәсіби
-
ситуациялық жаттығуларды орындатпас бұрын қарапайым 
нысанға алынған автордың романын мұқият оқу, проблемалық 
мәселелерді айқындау, романды оқу барысында өзін 
толғандырған субъективті пікірлерді, көркемдік образы, оқырман 
ретінде әрі зерттеуші ретінде тақырыптың өзектілігі мен бүгінгі 
күнмен байланысын, ақиқат өмірдің шындығын, образдардың 
прототивтік астарын, тіпті сөз қолданысы, авторлық көркемдік 
құралдар
мен амалдарды қолданудағы дәстүр мен 
жаңашылдықты жан
-
жақты талдап, автормен тең дәрежеде 
сұқбат жүргізуге теориялық әрі соны жеткізуде сөйлеу 
дағдыларын жетік меңгеруі сынды әртүрлі жұмыс түрлері 
жүргізіледі. Бұлар әдебиет сабағында алғашқы уақытта 
орындалатын оқушыларды кәсіби жағдайдағы тілдесімге 
үйретудің
қарапайымнан күрделіге дағдыландыру тәсілдері. Ол 
үшін
оқушылар жазушылармен жүргізілген дайын сұқбат 
үлгілерін
бірнеше талдау, сұрақтардың қойылуы, еркін 
сұқбаттастық сияқты жаттықтыру жұмыстары орындалады. 
Жағдаяттар арқылы мұндай күрделенген сұқбат құрастыру 
жұмыстарының 
мақсаты: 
оқушылардың 
мамандыққа 


279 
байланысты оқыған әдеби шығармалар, яғни көлемді 
романдарды кешенді талдай отырып, автормен немесе белгілі бір 
сол саланың маман ғалымдармен кәсіби деңгейде сұхбат құруға 
дағдыландыру, сұрақтар құруға үйрету.
«Әдеби сұхбатпен» жұмыстың тиімділігі: біріншіден, 
оқырмандық 
мәдениеттен 
зерттеу 
шығармашылыққа 
дағдыланады, оқушылар сабақтарына қатысты әдеби 
шығармаларды «оқырман
-
мәтін
-
автор» сынды бірлікте сұқбат 
құрастыруға
үйренеді. Екіншіден, оқушылар тілдік қатынасқа 
түсе 
отырып, 
бір
-
бірімен 
мамандықтарына 
қатысты 
жаңалықтармен, ақпараттармен алмасуға, оқыған романдарды 
жай оқырман ретінде емес, жеке субъективті ғылыми
-
талдауға 
машықтанады

Міне, осындай жоба жұмысы оқушылардың қызығушылығы, 
жеке ерекшелігі, талабы мен алған қойған мақсатына байланысты 
болады. Оқушылар бір жобаның аясында ізденушілік те, 
шығармашылық та, ақпараттық та жұмыстар жүргізеді. Жоба 
жұмысын орындау барысында олар шығармашылықпен 
ойлануға, өз әрекетін жоспарлауға, жоба бойынша алдына қойған 
міндеттерді шешуге, алдын ала болжам жасай білуге және жұмыс 
істеу мәдениетіне үйренеді [5, 29
-30].
Осындай оқушылардың оқытушымен бірлесе отырып өз 
бетімен жүргізген жұмыстарының бірі 
– 
«Әдеби тұлғаны тану». 
Бұл жазушының шығармашылығына үңілуге ден қою үшін, 
алдын ала белгілі бір шығармашылық тұлға қаламгердің 
романымен танысу, мұқият оқу және сол негізде автормен сұқбат 
алуға жобалық тапсырма беріледі. Себебі, қазіргі заман 
әдебиетінің өкілдері ортамызда бар, әрі оқушыларды терең 
білімге бейімдеудің де жолы болмақ. 
Осындай зерттеу нысанымызға алынған авторлардың бірі 
Д.Амантаймен әдеби танымдық сұқбат жүргізуге дайындалған 
сұрақтардың бағытын үлгі ретінде ұсынып отырмыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет