69
абайтануға үлкен зерттеушінің келіп қосылғанын бірден
аңғартты. Жас таланттың ерте қанаттанып, өз ортасында
даралана бастаған қазақ әдебиеті тарихына байланысты
зерттеушілік қадамын жете тани білген Семей губерниялық
Атқару Комитетінің 1925 жылғы 20 маусымдағы Ленинград
университетіне жолдаған ресми қатынасында «...М.Әуезов қазақ
әдебиетіне қызығуы мен осы саладағы өз бетінше жүргізген
зерттеулері арқылы техникумда қазақ әдебиетін оқытатын лектор
ретінде бірден
-
бір кандидатура болып табылады»,
-
деп көрсетуі
шындық еді. 1924
-
1925 жылдар аралығында Семейдегі оқу
орындарында Абай мұрасынан дәріс оқып, «Таң» журналында
ақын шығармаларын жариялап, Абайдың өмірбаяны жайлы
деректер мен шығармаларын толықтыра түсу жолында
тынымсыз әрекет етіп жүрген М.Әуезовті көреміз.
М. Әуезов Абайдың қайтыс болуына жиырма жыл толуына
орай Семей қаласында өткен әдеби кеште «Абайдың қазақ
әдебиетiндегi тарихи орны» туралы жасаған баяндамасы кезiнде
автордың қолында Абайдың ғылыми өмiрбаянының тұңғыш
жазылған нұсқасы да болатын. Бiрақ бұл қолжазба Абайдың
қайтыс
болуына отыз жыл толуына орай тұңғыш рет кешiгiп
барып жарияланған толық жинағында басылым көрдi. Мiне, осы
кезден бастап М. Әуезовтi әдеби жұртшылық абайтанудың
негiзiн салушы ғалым ретiнде тани бастаған кезең басталды.
Абайдың әдеби мұрасын ғылыми творчестволық тұрғыдан
зерттеу жұмысын аяқтай келе қазақ
әдебиетi тарихында
абайтанудың ғылыми саласын негiздеп кеттi. Тiкелей Абай
мұрасын жиырма жылдан астам ұзақ жылдар бойы үзiлiссiз
зерттеу нәтижесiнде қазақ әдебиетiнiң күрделi саласы ретiнде
«Абайтану» пәнi қалыптасып өмiрге келдi..
Достарыңызбен бөлісу: