Адамнын мұндай екі сатылы қүрылымы организм мен ортаның үздіксіз
қарым-қагынасын қамтамасыз етеді. Сана мен шаласана тудыратын
нейрофизиологиялық қүбылыстардың арасында жылжымалы (динамикалы)
тепе-теңдік болады.
И.П. Павловтың айтуынша, шаласана деңгейінде пайда болатын элсіз
тітіркенудің сергітетін ықналы ми қыртысының кызметін, жүмыскерлігін
күшейтеді. Жаңа, көп акпарат мидың шала саналык сатысы сананың бүкіл
пәрменін қосатын бағдарлама жасайды. Егер шаласананы ақнараттық талдау
мен өңдеуден айырса, саналық эрекет болмай қалады. Сондықтан да
гісихикалық ауытқулар немесе жагымсыз өзіндік эсерленушілер тууы мүмкін.
Дсні сау адамда ішкі агзалардың тартты рефлекстік реттелуі де шаласана
деңгейінде атқарылады. Ішкі агзалардың интерорецепторына эсер ететін
үйреншікті тітіркендірулерден шығатын мәліметтер ми қыртысына жетіп
талданады. Бүл ишаралар организмнің мінез-құлығын өзгертетін шартты
рефлскстердің негізі болуы ықгимал. Мүндай күйлер адамның өзіне түсініксіз
болады
("куңгірт сезш").
Осы тітіркендірістердің әсері күшейсе, акпараттар
санаға жетіп, организмнің сәйкес аймақтарындағы жаман хапды баяндайды.
Ол науқастарда эртүрлі өзіндікк сезулер мен шағымдар туғызады.
Шаласана әсерленіс, мінез-қүлыктык жэне психикалык іс-эрекеттің баска
түрлері сияқты,
себеп
пен
салдар
катынасы заңдарына багынады.
Достарыңызбен бөлісу: