Жұмыс бабымен жұмыс орнымыздың атынан келіссөздерге жиі барып жатамыз.
Келіссөзге барар алдында не нәрсені білу керек? Келіссөз барысында неден қашқан дұрыс?
Осы туралы әңгімелейік.
Келіссөз мына бөліктерден тұрады:
◊ Танысу. Байланысты қалыптастыру;
◊ Қарым-қатынас барысын бақылау;
◊ Мәселені талдау;
◊ Мәселені шешу;
◊ Байланысты тәмамдау.
√ Ақпарат жинау
Сәттілік сыры екінші бір адамның жүрегіне, көңіліне, басқаша айтқанда қалтасына жол
таба білуде жатыр. Сіз белгілі бір компаниямен әріптестік байланыс орнату үшін келіссөзге
барсаңыз, ол компания туралы мүмкін болған барлық деректі біліп барғаныңыз жөн. Аталған
компанияға қатысты кез келген дерек маңызды болуы мүмкін. Ақпарат жинау "Екінші жаққа
шын мәнінде не керек?" деген маңызды сұраққа жауап бере алмақ. Түпкілікті мақсат айтылған
сөзбен сәйкеспей жатуы да мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: