Психология ерік туралы түсінік
.Адамның қиындықтарды жеңуді талап
ететін мақсатты әрекеттер мен қылықтарды жүзеге асыру қабілетінен
көрінетін сананың реттегіштік жағы – ерік болып табылады. Ерік адам
психикасының оқшауланған қасиеті емес. Сондықтан ол
психиканың басқа
жақтарымен және ең алдымен таныммен байланысты қарастырылады.
Еріктің мазмұны ойлау, қиялдау үстінде пайдаланатын елестер мен ұғымдар.
Мінез-құлықтың еріктік реттелуі - мақсатқа жету немесе белсенділіктен бас
тарту үшін ақыл-ой және дене күшін саналы түрде бағыттау. Адамның іс-
әрекет қылығын реттестіре алу қабілетінің негізінде жүйке жүйсенің өзара
ықпалды қозу мен тежелу байланыстары жатыр. Осы принциптерге сай ерік
саналы өзіндік басқарумен
бірге белсенділік арттыру, немесе ынталанлыру
және реттеу қызметтерін де атқарады. Еріксіз әрекеттердің физиологиялық
негізі болып табылатын шартсыз байланыстар
тізбегі - инстинкт әрекеті
ырықсыз орындалады. Психологияның табиғи - ғылыми негіздерін қалаған
И.М. Сеченев пен И.П. Павловтың ілімі ерікті әрекеттердің негізі мұндағы
материалдық
процестер, сыртқы әсер мен мидың уақытша байланыстары,
шартты рефлекстер деп түсіндірген. Павлов ерікті әрекеттердің механизмін
жоғары жүйке қызметінің
барлық заңдарына бағынатын, шартты
ассоциациялық деп анықтаған. Материалистік тұрғыдан алып қарасақ,
адамның ерік бостандығы
себепті байланыстылыққа, детермннизм
принципке бағынатын бостандық. Қиыншылықтарды жеңіп шығуы да - ерік
бостандығының бір көрінісі.Еріктік амал кезеңдері
мен ерік сапаларын
қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: