темпераменттің нышандары да кейде қылаң беріп қалуы мүмкін.
Темперамент арқылы адамның көзқарасын, таным-түсінігін, наным-сенімін
анықтау мүмкін емес. Темперамент тек адамның жеке басының динамикасын
ғана сипаттайды.Қазіргі кезде көптеген психологиялық зерттеу әдістемелері
көмегімен баланың психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттеп, қай салада
қызмет атқаруға икем екенін болжамдап береуге болады. Атап айтсақ,
темпераментті зерттеуге арналған Айзенк, Стреляу тестері, Басса-Дарки,
Шмишек, Филипс жасаған мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау әдістемелері,
таным процестерін зерттеу және қабілеттіліктің түрлерін анықтау
әдістемелері көмегімен әр адамның жеке даралық психофизиологиялық
ерекшеліктерін нақты анықтауға болады.
Мінез-құлық —
адамның тұрақты
психикалық
ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез-құлық
тірі
организмнің
барлығына ортақ қасиет. Оның басты белгісі – тіршілік
иесінің қимыл-қозғалысының түрлі деңгейдегі көріністері. Адам бойындағы
Мінез-құлықтың бастапқы көрінісі – қылық. Мұнда әр адамның өмірлік бет
алысы, бағыт-бағдары, талғам-сенімі, көзқарасы, мақсат-мұраты көрініс
береді. Адам өзін-өзі бақылау жасау арқылы мінезіндегі мінін түзеуге,
жағымсыз әрекет пен қылықтардан өзін тыйып ұстауға мүмкіндік алады.
Мінез-құлық. адамның өзіне, айналасындағы басқа адамдарға қарым-
қатынасынан, жүктелген істі қалай орындайтынынан көрінеді. Бұл оның
бүкіл тыныс-тіршілігіне әсер етіп, сыртқы ортамен байланыс жасауын
қамтамасыз етеді.
Өз қажеттілігін қанағаттандыруда түзілген психикалық және физиологиялық
үдерістер жиынтығын мінез-құлық деп атаймыз. Адамның мінез-құлығын
және жануарлардың мінез-қылығын зерттейтін ғылымды этология дейді
Достарыңызбен бөлісу: