олардың жекелеген бөліктерін жетілдіру туралы ұсыныс-кеңестемелер беру
үшін жүзеге асырылуы да мүмкін.
Мамандық бойынша психодиагностикалық зерттеулердің барысына негізінен
төмендегідей психологиялық сынақтар енеді:
- зерттеудің бланктер толтыру арқылы жүргізілетін тәсілдері;
- жекелей (көзбе-көз) әңгімелесу;
Психодиагностикалық зерттеудің бланктер толтыру арқылы жүргізілетін
сынақтарына жататын тәсілдер:
- жеке тұлғаны көп жақты зерттеу әдістемесі (MMPI);
- Р. Кеттелдің 16-факторлық жеке сауалнамасы әдісі (16-ФЛО);
- Равеннің «Прогрессивті матрицалар өлшемі» әдістемесі (кескіндеме
сынағы);
- есте сақтау қабілетін, зейінді және ойлауды зерттеу әдістері;
- Амтхауэрдің интеллектуалдық сынағы.
Жекелей немесе көзбе-көз әңгімелесу – психофизиологиялық зерттеулердің
соңғы кезеңі болып табылады. Зерттелушінің типологиялық және
мінездемелік ерекшеліктерін бағалаудың және
сараптаудыу мен талдаудың
қосымша бір тәсілі болып табылады, сонымен қатар толтырылған бланктер,
сауалнамалар, сынақтар бойынша зерттеулер нәтижесінде алынған
мәліметтерді
нақтылауға, айқындауға көмектеседі. Әңгімелесу мен
бақылаудың, психодиагностикалық қорытындының мәліметтері, жеке
тұлғаның психикалық сапалары мен қасиеттері бойынша ұсыныстарды
психолог өзіндегі психофизиологиялық зерттеу хаттамасына енгізіп отырады.
Тұлғаның негізгі, басты-басты жеке
сапалары мен типологиялық
ерекшеліктері сипатталған қысқаша тұжырым шығарылып, оның жалпы
тұлғалық мінез-құлық және ақыл-ой ерекшеліктері туралы арнайы
қорытынды жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: