жерді тіреп тұрған негізгі ұстын не болмаса күллі ғаламның кіндігі емеспін.
Сондықтан менен де маңызды, менен де қадірлі нәрсе болуы тиіс. Менің
найзағайдай жалт еткен шолақ ғұмырым ұшы қиыры жоқ мәңгіге созылып
жатқан бітпес бір ғұмырдың титімдей бөлшегі деп ойлансын». Осы бір өте
елеусіз көрінетін бір адамның ғұмыры әлемдегі өз орнын дұрыс
анықтап, қоғамдағы «кетігін» тауып қаланғанда ғана мәні ашылады. Ал ол
адам өмірде өз орнын табу үшін өзге адамдардың өз орындарын
табуына кесірін тигізбеуі керек. (Өкінішке ұжымда, жұмыста, қызметте
адамдар керісінше әрекет еткісі келіп тұрады) Міне, осылайша гармония,
сыйластық, жақсы ниет дүниеге келеді. Осы мақсаттарға жету жолында көп
адамның айнымас темірқазығы ретінде жармасатын құнды заты — Құдай.
Достарыңызбен бөлісу: