біріккен әрекетті жемісті орындауды сипаттайтын келісімділік шынайы
тұлғаарлық
байланыстың
болуын
дәлеледейді.
Байланыс
өзара
әрекеттестіктің негізгі формасы болып есептеледі. Ол кейде қарым-қатынас
аймағына өтуі де өтпеуі де мүмкін.
Тұлғааралық қарым-қатынстың екі міндеті бар:
Бақылаушы үшін-бұл адамдардың арасындағы болып жатқан жағдайларды
түсіндіру болса, әрекеттесуші тұлғалар үшін өзіндік қарым - қатынысты
қалыптастырып, мінез-құлықтың тәсілдерін таңдау мүмкіндігі болып
табылады.
Тұлғааралық қарым-қатынасты зерттеуге педагогика мен психологияда
ерекше назар аударылды. Ең алғаш рет тұлғаның субъективті қарым –
қатынас категориясын А.Ф.Лазурский жасаған болатын. Одан кейін қарым-
қатынастың түрлерін және формаларын терең зерттеп, теориялық негізде
анықтама берген кеңес психологы Владимир Николаевич Мясищев тұлға
қарым-қатынасының тұжырымдамасын жасады. Ол тұлғааралық қарым -
қатынасты «адамның қарым-қатынасы оның түрлі әрекеттерінен, сыртқы
әсерлерге жауап қайтаруынан және ұйымдастыруынан көрінетін объективті
шындықтың түрлі жақтарымен психологиялық байланысына негізделген
таңдаулы, саналы әрекетті сипаттайды» деп көрсетті. Қарым-қатынас ұғымы
өте күрделі болып табылады. Оны «қарым-қатынас» терминінің
саналуандығынан көруге болады. Көп жағдайда «қарым-қатынас» ұғымына
синоним ретінде «тұлғааралық әрекеттестік», «тұлғааралық қарым-қатынас»
ұғымдары қолданылады. Бұл ұғымдар өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады.
Бұл категориялардың негізгі мазмұны адамдар арасындағы қарым-қатынас
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: