өзіндік сананы жетілдіретінін, ал олардың тарихи, қоғамдық даму процесі
рухқа әкелетіндігін терең филосия оймен көрсетті.
Дәстүрлі дүниетанымында “Мен” ұғымы рухани-танымдық мәнге ие
маңызды филосиялық категория. Мәселен, орта ғасыр жәдігері ” оның өзін-
өзі тануы, яғни өз “Меннін” тануы алғашқы хикметтерінен-ақ көзге түседі.
“
Шəкірттерге дүр мен гауһар шаштым мен
”, “
Дəптер сəни сөзін аштым
мен
”, сияқты жыр жолдарында ғұлама әр сөйлемдегі негізгі ойларын шумақ
соңында қайталанып келетін “мен” есімдігімен түйіндеп отырады. Ғұлама
“Мен” деген жеке сөзге, бір ұғымға ғана зор ақпараттық ауқым беріп, терең
мән сыйғызған. ” “Мен” ақиқатқа жетудің мәні, тылсым сыры ретінде үнемі
қайталанып келіп, бірде шәкірттің “Менін” білдірсе, бірде ұстаздың Менін
білдіреді. Ақын хикметтерін оқыған әрбір оқырман Иасауидің үнемі бірінші
жақтан айтылған жаратушыға арналған мінажат, ғибадатын оған ілесе бірге
қайталайды. Осылайша сопының Құдай алдындағы өзін күпірмін,
шүкірсізбін, лайықсызбын деп сезінген қаупін және фазыл кеңшілігінен
күткен үмітін, Хаққа махаббатын өз жанымен сезінеді. “
Мен ұлы ғаламның
бөлшегімін, мен – мұхиттың тамшысымын. Ұлы ғалам ақиқатына өзімнің
мөлтек ғаламымды тану арқылы жетемін
” (Макрокосм – микрокосм) деген
ғұлама “Мені” хикметтердің негізгі өзегі болып, жаңа сапалық өзгерістермен
әр деңгейде көрініс береді. Ғұлама “Өзін білгені – хақты білгені, Құдайдан
қорқып ынсапқа келгені” деген жыр жолдарында адамның өз “Менін”
тануының маңызын нақты айтады. Осы өзіңді өзің тану арқылы хақты тануға
нұсқайтын қағида “Өзін өзі білген ер бақытты, өзін өзі билеген ел бақытты”
деген халық даналығында да көрініс тапқан. Осылайша өз “Менін” тану адам
бақытының кілті деген ұғым халық санасында ғасырлардан бері өмір сүріп,
тамырын тереңнен тартып, зор рухани-танымдық мәнге ие болған. Абай
дүниетанымында адамның рухы мәңгілік. Адам өлімі оның жоқ болуы емес,
тән мен жанның айырылуы ғана: “Өлсе өлер табиғат, адам өлмес”, Мені мен
“менікінің” айырылғанын “өлді деп ат қойыпты өңкей білмес”.
“Мен” деп адам рухын оның негізгі мәнін атап, ақыл мен жанды рухтың
сипаттары ретінде таниды. Яғни, “Ақыл мен жан мен өзім, тән менікі, “Мені”
мен менікінің мағынасы екі, “Мен” өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан “Менікі”
өлсе өлсін оған бекі” дегенде “Менді” менікінен ажырата қарап, жан қажетін
табуға “менікінің”, яғни тән мен нәпсінің жетегінде кетуден сақтандырады.
Өткінші, алдамшы қызықтарға алданбай, баянды, мәңгі құндылықтарға
ұмтылуға үндейді. “Менікі” “Менге” қарама-қарсы ұғым ретінде
айқындалып, ол адам жаратылысының рухани бастауына қарсы нәпсілік
табиғатына меңзейді. “Адам ғапыл дүниені дер менікі, Менікі деп жүргеннің
бәрі Оныкі, Тән қалып, мал да қалып, жан кеткенде, Сонда ойла болады не
сенікі?” Адамның өзінің шын “Менін” танып, менікінің тұтқынынан
құтылып, рухани кемелдікке ұмтылуын басты мақсат-мұрат деп белгілейді.
Достарыңызбен бөлісу: