кейбір оқушылардың оқшау қалдырылуы олардың қатынас жасауға шорқақтығынан
болады. Ол оқушылармен өзі достасуды қаламайды, бойын сулақ салып жүреді. Кейде
оған жас айырмашылықтары мен тұйықтық та себеп болады.Көпшілікке қадірлі, ұжымда
жетекшілік міндетті өзіне алатын адамдар да болады. Мұндай адамдарды қарым-қатынас
психологиясында «лидер» деп атайды. Ол топ мүшелерімен қарым-қатынаста ӛзін еркін,
сенімді ұстайды.
Мектеп ұжымында лидердің бірнеше типі болады.
1-ші лидер жағдайға байланысты ӛзін танытады. Мысалы, оқушылар сыныпта
музыкалық кеш өткізеді делік. Ол кӛптеген шығармаларды біледі, әр түрлі
музыкалық
аспаптарда ойнайды. Бұл арада өзінің дарыны мен шеберлігін көрсетеді.Ол осы шараны
өткізуді ұйымдастырып, лидерлік танытады. Ал басқа жағдайда ұжымның қатардағы
мүшесі болып қала береді.
Лидердің 2-ші типі, әр түрлі іс-шараларды өткізуде ұжымның басқа мүшелеріне
жан-жақты ықпал ете алатын оқушы лидер бола алады. Мысалы, топ далада түнейтін
болып, туристік саяхатқа шығарда, лидер оқушы маршрутты әзірлейді, топты қажетті
құрал-жабдықтармен, азық-түлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Алайда оңың
лидерлігі қысқа мерзімдік дәрежеде ғана болады. Іс-шара аяқталған соң оның лидерлігі де
бітеді.
3-ші типі оқушы өзінің лидерлік қабілетін
ұзақ уақыт бойы сақтайды, бұл сынып
және топ бастығы т.б.
Формалы және формасыз топтар мен ұжымда олардың мүшелерінің «психологиялық
үйлесімділігі» болады. «Психологиялық үйлесімділік» - топ, ұжым мүшелері
қасиеттерінің неғұрлым қолайлы үйлесімі. Мұның өзі ортақ істің табысты болуын және әр
бір адамның жұмыстан ләззат алуын қамтамасыз етеді. Егер екі және одан да кӛп адам
арасында «психологиялық үйлесімділік» болса, онда бірінің қылығы екіншісіне немесе
ӛзгелеріне ұнайтын болады деген сөз. Топ мүшелері бірі-бірінің мінез-құлқын, қатынас
тәсілін жатырқамай дұрыс қабылдайды.
«Психологиялық үйлесімсіздік» кезінде топтың бір мүшелерінің қылығын екінші
бір мүшелері жақтырмайды. Бұл жағдай кейде шағын топтың қоғамнан ұзақ уақыт тыс
қалу нәтижесінде де пайда болады. Психологиялық үйлесімсіздікке кейде адамдардың
тұйықтығы, беймазалығы, тәкаппарлығы, менмендігі себеп болады.
Шағын топтың ұзақ
уақыт оқшау қалуы, олардың бір-бірі туралы ақпараттың әбден сарқылуынан да
«үйлесімсіздік» болады. Топ мүшелерінің бір-бірін анық білетіндігі соншалық,
арасындағы ӛзара қатынаста еш қызық қалмайды.
Топтағы "моральдық психологиялық ахуал" (кейде мұны "әлеуметтік-
психологиялық ахуал"деп те атайды) дейтін ұғымның да мәні зор. Бұл топ, мүшелерінің
өзара қарым-қатынасындағы ортақ тәртіп пен жауапкершілік, яғни жетекші мен оның
қарамағындағылардың бірін-бірі түсінісе алуы, топтың үйреншікті жұмыс стилі, онда
ортақ пікірдін орнауы, т.б. Топтың көтеріңкі кӛңіл күйі
ұжымдық міндеттің нәтижелі
орындалуына қолайлы әсер етеді. Өзара жарасқан ынтымақ, сыйластық, ұжым мүддесін
қастерлейтін жерде қандай ауыр жұмыс болса да жеңіл атқарылады. Мұндайда
ауыртпалық сезілмейді, сары уайым, жабырқау, түңілу, жалғызсырауға орын қалмайды.
Тату-тәтті өмір сүретін ұжымда ұрыс-керіс болмайды, шығармашылық іске, білімді терең
меңгеру мен саналы тәртіпке аса қажетті ахуал орнайды, қолайлы жағдай жасалады.