«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде)


 «Жоқтан бар жасайтын елдер». Қандай елдер туралы айтылған?



Pdf көрінісі
бет31/39
Дата15.12.2023
өлшемі1,04 Mb.
#138014
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39
Байланысты:
ОШ СОЧ Казахский язык Т1 11кл ОГН

 
1. «Жоқтан бар жасайтын елдер». Қандай елдер туралы айтылған? 
A. қоқысты қайта өңдейтін елдер 
B. кемел өмірге талпынған елдер
C. қоқысқа бейжай қарайтын елдер 
D. экологиялық ахуалы төмен елдер 
2. Артық сөйлемді көрсетіңіз

A. тазалыққа жауапкершілікпен қарау 
B. қоршаған ортаны таза ұстау 
C. Жер-Анаға қиянат жасамау 
D. біле тұра білместік таныту
3. Автор көзқарасын білдіретін нұсқаны табыңыз. 
A. Алысқа бармай-ақ, қаладағы жағдайдың қазіргі жағдайы адам көргісіз. 
B. Жоқтан бар жасауға әлдеқашан кіріскен мемлекеттерден үлгі алатын кез жетті. 
C. Біреулер көшедегі қоқысты жинаса, ал енді біреулері сол жәшікке жетер-жетпестен қолындағысын 
лақтырып кетеді. 
D. Тазалығы табалдырығынан басталған қаланың көрікті келбеті халықтың мәдениетімен тығыз 
байланысты. 
4. Автор күйінішін білдіретін нұсқаны табыңыз.
A. Өз дертіне, табиғат дертіне жол беріп отырған адамдардың әрекетіне не дерсің? 
B. Ал мәдениет бар жерде қалаға деген жаңашырлық, сүйіспеншілік те бар. 
C. Жоқтан бар жасауға әлдеқашан кіріскен мемлекеттерден үлгі алатын кез жетті. 
D. Адамдар тазалыққа ортақ жауапкершілікпен қараса нұр үстіне нұр болар еді! 
5. Мәтінде көтерілген мәселені білдірмейтін нұсқаны анықтаңыз. 
A. Алысқа бармай-ақ, қаладағы жағдайдың қазіргі жағдайы адам көргісіз.
B. Бүгінгі басты қатер – жаһандық мәселенің біріне айналған күл-қоқыс машақаты. 
C. Қала тұрғындарының ұқыпсыздығы қаланың ластануына зиянын тигізіп жатыр. 
D. Ал мәдениет бар жерде қалаға деген жаңашырлық, сүйіспеншілік те бар. 
Тапсырма 
Мәтінді мұқият оқып, ондағы идея мен ақпараттарды өңдеп қолданып, өз пікіріңізбен толықтырып, 
Жер-Ананың атынан монолог жазыңыз (9-10 сөйлем). 
2-мәтін 
Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар 
– осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді. Атамыз қазақ қашанда адам мен 
табиғат ұғымы егіз деп санаған, себебі адам – табиғаттың ажырамас бір бөлігі. Сондықтан 
халқымызда «Жер-Ана» деген егіз ұғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей 
қастерлеу – бағзы заманнан бергі ата салтымыз. «Жер шоқтығы – Көкшетау», «Жер жаннаты – 
Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген. Сондықтан 
осындай баға жетпес байлық табиғатты аялау – біздің міндетіміз. 
Біздің әрбір басқан қадамымыз, әрбір істеген ісіміз табиғатқа байланысты болғандықтан, оның 
біздің өмірімізде ерекше орын алуы сөзсіз. Бірақ адамзаттың кейбір істері табиғатқа кері әсер етуде. 
Оның кері әсері біздің денсаулығымызға да зиян келтіреді. Табиғатты қорғау, табиғатты аялау – әр 
адамның міндеті. Үлкен-кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты 
қажет екені баршамызға мәлім. 
Талай ақын, жыршы ағаларымыз табиғатты жырлап өткен. Солардың біреуімен өз ойымды 
тәмамдағым келеді: 
Табиғатта сезім де, құлақ та бар, 
Ренжітсең қайғырып жылап та алар. 
Аяласаң жаныңа шуақ тамар, 


32 
Қажығанда бойыңа қуат тамар, – дегендей, менің құрметті құрдастарым, табиғатты аялайық! 
Қолымыздан келгенше келер ұрпаққа табиғаттың әсемдігін сақтап қалайық! (181 сөз) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет