9
Алматыда өткен алғашқы саммитінде түпкілікті рәсімделді. Кеңестің құрылғаны жөніндегі арнайы
құжатқа Азияның 16 мемлекетінің басшылары қол қойып, қуаттады.
Ал 1994 жылы желтоқсанда Будапештте ядролық қаруы бар елдер Қазақстанның ядролық
қауіпсіздігі мен территориялық тұтастығына кепілдік жөніндегі меморандумға қол қойды. Сөйтіп
Қазақстан ядролық қаруларды таратпау жөніндегі шартқа қосылды. Бұған қоса, көршілес Ресеймен,
Қытаймен, Қырғызстанмен, Өзбекстан және Түркіменстанмен мемлекеттік шекара анықталып,
толық шегенделді. Бұған қоса, Ресеймен, Түркіменстанмен және Әзірбайжанмен Каспий теңізіндегі
шекара да анықталып, белгіленді.
Сонымен қатар Қазақстанның ТМД, ҰҚШҰ, ШЫҰ, ЕАЭО тәрізді аймақтық құрылымдарға,
сондай-ақ ДСҰ-ға мүшелікке енуі біздің еліміздің Еуразия кеңістігіндегі белсенді сыртқы саясатын
айқындай түсті. Дүниежүзі сарапшылары Қазақстанды Орталық Азия аймағындағы көшбастаушы
ғана емес, аймақтағы іргелі ел ретінде мойындауда. (250 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: