А. А. Айдарбекова магистр, аға оқытушы, Н. А. Сәндібаева п.ғ. к., доцент м а



Pdf көрінісі
бет38/90
Дата15.12.2023
өлшемі4,01 Mb.
#138042
түріСабақ
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   90
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚЫТУ ҚҦРАЛДАРЫН ЖАСАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ 
МЕН ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МАЗМҦНЫ 
 
Б.Ғ.Бостанов - п.ғ.к., М.Адеев – магистрант (Алматы қ., ҚазҰПУ)
 
Аннотация:
мақалада болашақ информатика мұғалімдеріне электрондық оқыту 
құралдарын жасау технологиялары мен оларды пайдалануды оқытудың қажеттілі 
анықталынып, оқытудың мақсаттары мен мазмұнын анықтауда ескерілетін мәселелер 
туралы айтылған.
Түйін сӛз:
электрондық оқыту құралдары (ЭОҚ), иерархия, метасипаттау, 
метаақпарат, визуалды дизайн, инновация.
Оқыту жүйесінің элементтері: мақсаттар, мазмұны, әдістер, оқытудың құралдары 
мен ұйымдастырушылық формалары, сондай-ақ мұғалімнің қызметі мен студенттердің 
қызметі ӛзара бір-бірімен тығыз байланысты екендігі мәлім [1]. 
Сондықтан да информатикадан ЭОҚ түріндегі оқытудың жаңа құралдарын 
пайдалану жоғарыда айтылған элементтерге, соның ішінде оқытудың мақсаттары мен 
мазмұнына да тікелей әсер ететіні сӛзсіз. Дидактикада оқытудың мазмұны мен мақсаттары 
басты мәселелердің бірі болып табылады. Білім берудің мақсаттары педагогикалық 
қызметте жүйе құраушы қызмет атқарады [2]. Кӛп жағдайда оқыту мен тәрбиелеу 
әдістерін, құралдарын, мазмұнын таңдау - мақсаттарды таңдауға тәуелді болады. Ӛкінішке 
орай шынайы педагогикалық тәжірибеде мақсаттар ашып кӛрсетілмейді, кӛрсетілсе де 
толығымен емес. В.П.Беспалько кез келген оқулықта оқыту мақсатын ашып кӛрсету, соған 
сәйкес белгіленген мақсаттарға қол жеткізе алатындай дайындық болуы керектігін 
айтады. Сондай-ақ сол мақсаттарға қол жеткізуді бағалау әдістері де кӛрсетілуі керек. 
Болашақ информатика мұғалімін ЭОҚ жасауды үйретудің келесідей мақсаттарын 
анықтайық: алгоритмдік және эвристикалық танымдық қызметті жүзеге асыруға, қажетті 
ӛзара логикалық түрде байланысқан пәндердің ғылыми түсініктер иерархиялық жүйесін 
студенттердің игеруін қамтамасыз ету үшін, информатика пәнінің мұғаліміне ЭОҚ 
дайындауды және ӛздерінің кәсіптік қызметінде пайдалауды үйрету. 
Арнайы курсты оқып үйренудің нәтижесінде студенттер мынаны 
білуі 
керек: қазіргі 
заманғы ЭОҚ жасаудың технологиялары мен пайдалануын; ЭОҚ жобалау мәселелері 
бойынша есепті қоя білуді
 
және 
шешуді
; ЭОҚ сапасын анықтайтын алғашқы сынақтарды 
жүргізуді; ЭОҚ жасаудың қазіргі заманғы технологиялары дамуының тенденциялары 
жӛнінде мағлұматтарының 
болуы

Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін оқу материалы мазмұнының дидактикалық және 
әдістемелік ӛңделуі қажет. В.П.Беспалько пікірінше, оқулық монографиялық емес, 
дидактикалық болу керек [3]. 
Оқулықта материалдарды беру, кӛлемі, құрылымы мәселесі оқыту теориясымен 
сәйкес анықталуы керек. И.Я.Лернер оқыту мазмұнының тӛрт элементін бӛліп кӛрсетеді: 
білім, қызметті жүзеге асыру тәжірибесі, студенттердің шығармашылық мүмкіндіктерін 
дамыту, шындыққа эмоционалдық қарым-қатынасы [4]. Бұл жұмыста дәстүрлі 
оқулықтардағы оқыту мазмұнының элементтерін беріп кӛрсетудің келесі әдістері 
кӛрсетілген: білімдер негізінен мәтіндер түрінде; қызмет әдістері типтік - тапсырмалар 
түрінде; шығармашылық қызметті дамыту – шығармашылық тапсырмалар түрінде беріліп 
отырады; студенттердің қажетті эмоционалдық қарым-қатынасы оқулықтарда эмоцияға 
толы, оқырманның сезіміне әсер ететін мәтіндер есебінен қалыптасады.
Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану негізінде оқыту мазмұнының 
элементтерін бӛліп кӛрсетуді Т.Сергеева дамытқан болатын. Бұл үлгіде оқытудың 
мақсаты студентті жеке тұлға ретінде дамыту болып табылады. Білім мұнда мақсат 
ретінде емес, керісінше студенттердің жеке тұлға ретінде дамуының құралы ретінде 
қарастырылады. Т.Сергеева оқыту мазмұнының тӛрт элементін жүзеге асырудың 


92 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
ерекшеліктерін атап кӛсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет