жылдарында опера өнері дами түсті. 1942 жылы Е. Брусиловскийдің «Гвардия, алға!»,
1944 жылы А. Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» опералары қойылды. Соғыстан кейінгі
жылдарда Е. Брусиловский мен М. Төлебаевтың «Амангелді», А. Жұбанов пен
Л.Хамидидің «Төлеген Тоқтаров», М. Төлебаевтың «Біржан - Сара» опералары жазылды.
1949 жылы осы операның авторларына және негізгі партиясын орындаушыларға КСРО
Мемлекеттік сыйлықтары тапсырылды. 0-50-жылдарда репрессияларға қарамастан
Қазақстан мәдениеті жетіліп, әдебиеттің дәстүрлі және драма жанрлары дами түсті. 20-
жылдардың ортасына дейін Қазақстанда әуесқой театр топтары болды. Олардың ішінде ең
танымал болғандары - Семей әуесқой театр тобы және Халықка білім берудің
Орынбордағы қазақ институты. Институт негізінде 1926 жылы қаңтарда Қызылордада
тұңғыш кәсіби қазақ театры ашылды. Онда М. Әуезов, Ж. Шанин, С. Қожамқұлов,
Қ.Қуанышбаев, Қ.Жандарбеков, З.Атабаева және басқа да дарынды драматургтер,
режиссерлер және артистер жұмыс істеді.
Достарыңызбен бөлісу: