Ж. Т. Лесова Х. Х. Макажанова С. А. Надирова тағам жəне биотехнологиялық Өндірістерінің микробиологиялық негіздері оқулық



Pdf көрінісі
бет26/305
Дата06.01.2022
өлшемі4,39 Mb.
#13083
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   305
Байланысты:
lesova tagam zhne biotehnologiyalyk ondiristerinin mikrobiologiyalyk negizderi

30
31
 
3-ТАРАУ. 
ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖƏНЕ ОЛАРДЫҢ 
ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ТҮРЛЕРІ
Микробиологиялық жұмыстарда қолданылатын барлық қоректік 
орталар  мен  ыдыстар  залалсыздандырған,  яғни  оларда  ешқандай 
микроорганизмдер болмауы тиіс. Бұл белгілі ыдыстар мен қоректік 
орталарды  залалсыздандырудың  алуан  түрлі  əдістерімен  жүзеге 
асырылады. Қоректік орталарды залалсыздару кезінде оның құрамы 
еш өзгермеуі тиіс. 
Залалсыздандыру  қолданылу  аясына  байланысты  физикалық, 
химиялық биологиялық сияқты əдістері бар. 
Залалсыздандыру түрлері
Залалсыздандырудың физикалық əдістері. 
Залалсыздандырудың  бұл  түріне  жоғары  температураны, 
əртүрлі  сəулелендіруді,  бактериалды  фильтрден  фильтрлеуді 
қолдану жатады. 
Қайнату  арқылы  залалсыздандыруы.  Микроорганизмдерді 
термиялық  залалсыздандыру  сияқты  стерилизацияның  өзіндік 
əдістері  бар.  Онда  залалсыздандыру  заты  жанғыш  оттан  бірнеше 
рет  өтеді.  Мұндай  əдіс  арқылы  металл  жəне  шыны  шпательдерді, 
пастерлеу  пипеткаларын,  зат  шынысын,  жапқыш  шыныларды,  т.б. 
залалсыздандыруға пайдалынылады. Қайнау он бес минутқа созыла-
ды, сол кездегі микроорганизмдердің споралары толығымен өлмейді. 
Қайнап жатқан судың стерильді жəне құралдардың татбасуының ал-
дын алу үшін 1% сода қосады. 
Құрғақ ыстық ауамен залалсыздандыру кептіргіш шкафта неме-
се Пастер пешіне салады. Мұндағы залалсыздандыру 2 сағатқа со-
зылады,  ол  кездегі  температура 160
o
C,  ал 1 сағатта 170
o
C  болады. 
Мұндай əдіс арқылы пробирканы, колбаларды, Петри табақшаларын, 
өлшеуіш  пипеткаларды,  басқа  да  ыдыстарды  залалсыздандырады. 
Мақтаны  жəне  қағазды  заласыздандыру 160
o
C-де  жүргізген  абзал. 
Ылғалдылықтын  жоқтығынан,  құрғақ  ыстық  микроорганизмдерді 
жəне оның спораларын күйдіреді. Бумен залалсыздандыру деп ылғал 
ауамен  залалсыздандыруды  айтамыз.  Бумен  залалсыздандырудың 
екі түрі бар: жоғары қысыммен жəне қалыпты қысыммен.
Бумен  залалсыздандыру  негізінен  микроорганизмдердің  веге-
тативті жəне споралы түрлерін жоюға ең тиімді жол болып табыла-
ды. Бұл əдіс 1884 жылы ең алғаш рет Ресейде автоклав атты арнайы 
аппараттың  көмегімен  жүзеге  асырылды.  Қысымның  артуы  мано-
метрмен  бақыланады.  Автоклавтағы  залалсыздандыру  кезіндегі 
қысымды бу мен жоғары температура залалсыздандырушы агент бо-
лып табылады. Бұл жағдайда микроорганизмдер белоктарының іруі 
(коагуляция) жəне гидролиз жүреді. 
Құрғақ ыстықтың əрекеті əсерлі, бірақ барлық нысандарды бұл 
əдіспен залалсыздандыруға болмайды. Мысалы, қоректік орталарды 
тек автоклавта залалсыздандыру тиімді.
Əдетте  залалсыздандыруды  автоклавта 100 кПа  артық  қысым-
да  30 минут  бойы  жүргізеді.  Кейбір  жағдайларда  ыдыстар  мен 
көмірсуларды жəне ақуыздары жоқ орталарды залалсыздандырғанда 
оның  ұзақтығы 1-1,5 сағат  ұзартылады. 10%-ға  дейін  қанты  мен 
желатині бар орталарды 50 кПа-дан артық қысымда 20 минут бойы 
залалсыздандырады. 
Автоклавпен  жұмыс  істеу  ережелері  барлық  өндірістерде 
микробиологиялық  бақылау  басқармаларының  құзырында  болуы 
керек.
Ағынды  бумен  залалсыздандыру 100
o
C  температура  кезінде 
нысандардың  өзгеріске  ұшырау  мүмкіндігі  болған  жағдайда 
қолданылады. Сол үшін құрамында көмірсу, амин тұздары, сүт, кар-
тофель жəне т.б. қоректік орталарды ағынды бумен залалсызданды-
рады. 
Ағынды  бумен  залалсыздандыру  көбіне  Кох  қайнатқышында 
жүргізіледі. Ол жылуоқшаулағышы бар металды целиндр. Қоректік 
ортасы бар ыдысты торлы тірегішке салады. Аппарат ішіне тірегіш 
деңгейіне дейін су құйып, оны газ жəне электр жүйесі арқылы жылы-
тады. Залалсыздандыру 100
o
C температурада судың қайнауы болып 
есептеледі. Залалсыздандыру уақыты шамамен 1 сағатқа созылады. 
Қайнату  тек  вегетативті  формаларды  өлтіргендіктен,  залалсыздан-
дыру, ең аз дегенде 3 немесе 2 рет қайталанады. Залалсыздандыру 
уақытының аралығында қоректік орталар бөлме температурасында 
сақталады.  Бұл  əдістің  мəні,  споралардың  тез  өсіріп,  кейін  олар-
ды қайта 100
o
C температурада жылутудан өткізу болып табылады. 
Қайта залалсыздандыруды автоклафта өткізуге болады. Ол үшін ап-
параттан бу бос шыға алатындай етіп жабады. 
Пастеризация  дегеніміз  обьектіде  кездесетін  спорасыз  форма-
ларды 15 минуттай 60-70
o
C  температурада  жою  болып  табылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет