fuscus нəтижесінде қияр ұлпасы бөлшектеніп жұмсарады. Бұзылуға
жол бермеу үшін, қиярдың қышқылдылығы 1,0-1,2% болғанда 0
о
С
температурада сақтау қажет. Осы жағдайда ашу жайлап жалғаса
береді. Сонымен қатар анаэробты жағдайда қиярларды тұздықта
ұстау қажет.
Сүт қышқыл бактериясының лактобактериум плантарум түрінің
таза культурасын қолдану дұрыс нəтиже береді.
Өндiрiс қалдықтарын пайдаға жарату үшiн микроорганизмдердің қолданылуы Жемістер мен көкөністерді консервілеуге дайындауда көп
мөлшерде қалдықтар қалады. Көкөніс өндірісіндегі қалдықтар –
жапырақтар, сабақтар жəне тағы басқаларын – сүрлем дайындауға
пайдаланады ал жеміс-жидек шикізат қалдықтарында – болжыр мен
сығынды құрамында 8% қант болғандықтан, биохимиялық əдіспен
сірке өндіруде қолданады.
Өсімдік қалдықтарын сүрлеу Сүрлеу – бұл өсімдік материалдарын консервілеу арқылы жақсы
шырынды жем алу. Орамжапырақты ашытудағы сияқты негізгі
биохимиялық процесс сүт қышқылды ашу процесі жүреді. Өсімдік
құрамының элифитті микрофлорасына сүт қышқылды бактериялар
10%, ал қалған 90%-ы əр түрлі микроорганизм топтарынан тұрады:
шіріткіш спора түзетін жəне түзбейтін, ішек таяқшасы тобының бак-
териялары, майқышқылды жəне целлюлоза түзуші бактериялар, зең
саңырауқұлақтарының споралары жəне т.б.
Жақсы силос (сүрлем) алу үшін, сүт қышқылды бактерия-
ларының дамуына қолайлы жағдай жасау жəне май қышқылды
шіріткіш бактерияларды басып тастау қажет. Сүт қышқыл
бактерияларының дамуы үшін жəне керекті мөлшерде сүт қышқылы
жиналуының бірден бір жолы белгілі мөлшерде қантты ашытатын
(глюкоза, фруктоза, сахароза, мальтоза) 10-11% құрғақ заттар болуы
қажет. Сонымен қатар сүрлеуде қанты аз қалдықтарды (мысалы,
бұршақ пен картоп сабақтарын) қанты жоғары (қызылша сабағы,
жүгері сабақтары мен жапырақтарын) араластыру қажет. Екінші дəл
орамжапырақты ашытудағы сияқты анаэробты талаптарға орында-
лу қажет. Сүрлейтін материалдарды арнаулы ыдыстарда жақсылап
ұсақтап жəне тығыздайды. Сүрлейтін массаның оптималды темпе-
ратурасы 25-30°С. Сүрленетін масса алғашында аралас микрофлора
соның ішінде шіріткіш бактериялар дамиды. Содан соң сүт қышқыл
бактериялары қарқынды түрде көбейіп жəне орта қышқылданады.
Нəтижеде спора түзбейтін шіріткіш бактериялар өліп, спора
түзушілер спора түзеді. Сүт қышқылды ашуда гомоферментативті
жəне гетероферментативті бактериялар қатысады. Бастапқы процес-
те кокка пішіндес қысқа таяқшалар дамиды, кейін таяқша тəрізділер
ығыстырылады. Көбінесе бұл лактобактериум плантарум. Содан соң
силостың қышқылдылығы артады, рН 3,8-4,0 дейін түседі, көпшілік
сүт қышқыл бактериялар өледі.
Силостың кемістіктері. Егер силос жатқызып қопсытылса,
қатты топырақ бөлшектерімен ластанған болса немесе көмірсутек
аз болса, сүт қышқыл бактерияларының өсуі төмендейді, ал за-
лалды микроорганизмдер: шіріткіш, газ түзуші ішек таяқшалары,
май қышқылды жəне зең бактериялары дамуы мүмкін. Сүрленетін
массаның сапасы төмендеп, сасық иісті өнім пайда болады, май
қышқылды ашу жүреді, нəтижеде силоста клостридиум ботулинум
токсині пайда болып жануар уланады.
Силостың сапасын жақсарту үшін, таза культураларды сүт
қышқыл бактериялардың Lactobacterium plantarum мен Lactobacillus acidophilus қолдану ұсынылады.