Зарарсыздандыру əдістері Зарарсыздандыру əдістері физикалық, химиялық жəне био-
логиялық болып бөлінеді. Физикалық зарарсыздандыру əдісіне
қыздыру (булау, қайнату), ұрықсыздандыратын сүзулер, сəулелендіру,
ультрадыбыс жəне изотоп əрекеттері жатады.
Отандық өндірісте, негізінен, қыздыру арқылы залалсыздандыру-
ды қолданады. Минералды суларды құю кезінде ультракүлгін сəуле
арқылы бактерицидтік əсерді қолданады.
Көптеген спора түзбейтін микроорганизмдер 5-20 мин ішінде
60-70°C-та қыздырғанда өледі. Кейбір бактериялар, мысалы жас
түзгіш жəне суслолық бактериялар, термотұрақты жəне 80-90°C-та
қыздырғанда да өлмейді. Микроорганизм споралары жоғары темпе-
ратура əсеріне өте тұрақты болып келеді.