Зарарсыздандырғыш заттар Тағам өндірісінде қолданылатын зарарсыздандырушы заттарға
мынадай талаптар қойылады:
- аз мөлшердегі концентрацияда екпінді бактерицидтік əсер етуі;
- олардың суда ерігіштігі;
- аз экспозициядағы əрекеттің нəтижелігі.
- зарарсыздандырушы заттардың иісі жəне дəмі болмауы тиіс
жəне улы əсер көрсетпеуі.
Ылғал түрінде зарарсыздандыру үшін химиялық заттарды эмуль-
сия, сулы ерітінді түрінде, ал газбен залалсыздандыру жасау үшін
газды немесе буды қолданады.
Зарарсыздандырушы заттар əртүрлі қосылыстар класына жатады.
Негізінен оларды мынадай топтарға бөлуге болады: қышқыл, сілті
ерітінділері жəне олардың тұздары; галогендер жəне олардың туын-
дылары; фенол жəне оның туындылары; газ тəрізді заттар; төрттік
аммоний қосылыстары.