Сілтілер жəне тұздар.Каустикалық сода. Күшті əсер ететіні
рН 10 0,1%-тік каустикалық соданың ерітіндісі (NаОН) болып та-
былады. Мұндай ерітіндіде микроорганизмдер 40°C температура-
да 1-2 мин ішінде өледі. Металдан жасалған ыдыстарды залалсыз-
дандыру үшін 3%-дық NаОН ерітінідісін (алюминийден жасалған
жабдықтарға қолдануға рұқсат етілмейді) пайдаланады.
Кальцийленген сода. Кальцийленген сода 40°C температурада
1%-дық ерітінді түрінде бактерицидтік əсер етеді. Концентрациясы
0,5-2% Na
2
СО
3
ерітіндісін құбырларды, шлангаларды жəне т.б. за-
лалсыздандыру түрлері үшін қолданады.
Жабдықтарды
сілтілі
ерітінділермен
өңдеген
кезде
температураның маңызы зор. Əдетте 55°C-қа дейін қыздырылған
0,5%-дық ерітіндіні қолданады. Егерде зауыттың ішкі қабырғаларын,
едендерін, есіктерін жəне т.б. жерлерін өңдейтін болса, онда
өңделушінің бетіне 10 минутқа 5%-дық ерітіндіні жағып қояды,
кейін оны ыстық сумен жуады.
Əкті сүт. Бұл зарарсыздандырғышты СаО сөндірілмеген əктен
дайындайды жəне негізінен, астық дəндерін залалсыздандыру үшін
қолданады. Астық дəнін 2 сағаттай өңдеген кезде əдетте 1 тоннаға
2,5-3 кг СаО алынады.