Ж. Т. Лесова Х. Х. Макажанова С. А. Надирова тағам жəне биотехнологиялық Өндірістерінің микробиологиялық негіздері оқулық



Pdf көрінісі
бет44/305
Дата06.01.2022
өлшемі4,39 Mb.
#13083
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   305
Байланысты:
lesova tagam zhne biotehnologiyalyk ondiristerinin mikrobiologiyalyk negizderi

44
45
 

хлор сумен 30 мин-тан артық əрекеттеспеуі қажет, ал артизан 
скважиналарындағы суды қолданғанда арнайы аралық резервуарлар 
болу қажет;

хлордың  тұқымсыздандыру  əдісі  тек  қана  микро р-
ганизмдердің вегетативті формаларына ғана əсер етеді, ал спора-
лар жойылмайды; 

хлор аса улы болғандықтан, оны тасымалдағанда, сақтағанда 
жəне мөлшерлегенде ерекше сақтық шараларын қолдану қажет.
Суды  катадиндік  əдіспен  өңдеу  кейбір  металл  тұздарының 
олигодинамикалық əсеріне негізделген. Ол шетел өнеркəсіптерінде 
ауқымды түрде лимонад өндірісінде қолданылады. Ол үшін күмісті 
тұрақты  тоқтың  көмегімен  арнайы  электрод  құрылғыларында 
ерітеді.  Күмістің  мөлшері  судың  сапасына  жəне  оның  ластану 
дəрежесіне тəуелді. 1 литрде 10-15 мкг мөлшердегі ерітінді жеткілікті 
бактерицидті болып табылады. 
Суды озондау. Озон жеткілікті көп концентрацияда өте жақсы 
залалсыздандырушы  əсер  көрсетеді.  Ашытқылардың,  ішек 
таяқшалар  бактериялар  тобының  жəне  шіріту  бактериялардың 
1мл  судағы 100 шақты  микроорганизмдері  озонның 5,0-5,5 мг/л 
концентрациясында  толығымен  өледі.  Ашытқылардың  кейбір 
түрлерін  жəне  зең  саңырауқұлақтарын  жою  үшін 8,5 мг/л  озон 
қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет