Ж. Т. Лесова Х. Х. Макажанова С. А. Надирова тағам жəне биотехнологиялық Өндірістерінің микробиологиялық негіздері оқулық



Pdf көрінісі
бет66/305
Дата06.01.2022
өлшемі4,39 Mb.
#13083
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   305
Байланысты:
lesova tagam zhne biotehnologiyalyk ondiristerinin mikrobiologiyalyk negizderi

Сұйық  ашытқылар.  Қамырдың  қышқылдылығының  жоға-
рылауы  нанның  тез  қопсымауы  жəне  өнімнің  сапасына  əсерін 
тигізеді.
Сұйық  дрожжылардың  сапасын 1 мл  немесе 1 г-да  дрожжылар 
клеткаларының  санын,  биологиялық  жағдайын  жəне  бөгде  микро-
флорамен зақымдануын анықтайды. Ол үшін сұйық дрожжылардың 
үлгісін су құбырындағы залалсыздандырылған сумен 1:10 қатынаста 
араластырады жəне микроскопта қарау үшін препарат дайындайды: 
дрожжы клеткаларының санын Горяев есептік камерасында санай-
ды – 1 мл дрожжыда 150-200 млн. кем емес клеткалар болу керек; 
бүршіктенудің қарқындылығын жəне бөгде дрожжылар мен бакте-
рияны анықтайды, қозғалатын, спора түзуші бактериялардың болуы 
рұқсат  етілмейді;  оларды  анықтау  үшін  жинақтық  культура  əдісін 
қолданады: дрожжылардың үлгісін стерильденген уытты ашытқысы 
бар  колбаға  орналастырады  жəне  оны  су  моншасында  немесе 
Кох  құрылғысында 70-75
о
С  температурада 30 минут  аралығында 
қайнатады,  суығаннан  кейін  колбаны 37
о
С  температурада 24 сағат 
термостатта  ұстайды.  Микроскопта  қарағанда  қозғалатын,  спора 
түзуші таяқшалар табылса, онда дрожжыларды инфицирленген деп 
шешеді  жəне  қажетті  шаралар  қолдану  керек:  əдетте  дрожжылар-
ды жаңа бөліндімен алмастырады. Жақсы дрожжылардың көтерілу 
күші 15-18 мин  (қамыр  домалағының  жүзіп  шығу  əдісі  бойынша), 
қышқылдылығы 11-15
о
Т жəне ылғалдылығы 90-91% болу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет